басқару ісіндегі келеңсіз жағдайлар. Абай
заманындағы болыс билердің
әлеуметтік-психологиялық кескіні.
(1
сағат.)
А. Құнанбаев «Сегізінші» қарасөзі.
Қарасөздің тақырыптық-идеялық
мазмұны.
Қарасөздегі ақыл, насихат. Ғылым, білім, ар, ұят жайлы мәселелері.
Ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы. Қарасөздің бүгінгі күндегі
маңыздылығы, тәрбиелік мәні.
(1
сағат.)
IV
бөлім. Абай өнегесі-ұлт мұрасы (8 сағат)
Б. Ерденбеков «Абай мектебіндегі айтыс жанры».
Абайтанудағы
Б.Ердембековтің үлесі. Зерттеушінің Абайдың өзге ақындармен сөз
жарыстыруы, Абайдың ақындық мектебінің ақындары туралы талдауы.
Абайдың өзінен бастау алған
айтыс жанрының қалыптасуы, дамуы. Айтыс
жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әріп
Тәңірбергенұлының, Тұрағұл Абайұлының, Әубәкір
Ақылбайұлының жанрлық
жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдері, Әріп ақынның «Тәуке мен Ұрқия»,
Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде
жазылған көлемді поэмалары. Әріп ақынның «Біржан-Сара»,
Әсет ақынның
Ырысжанмен айтысы. Ауыз әдебиетінің озық үлгісін жазба шығармаларында
аса шеберлікпен пайдалана білген Абайдың ақындық мектебінің ақындары.
(1
сағат.)
Достарыңызбен бөлісу: