О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет25/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

Қосымша ақпараттар:
автокөлік жүргізудің «А, Д»
категориялары
Ұсыным хат немесе кепілдеме:
Ұсыным хат қосымшада тіркелген.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Түйіндеме қандай жағдайда жазылады?
2. Түйіндеме нешінші жақта жазылады?
3. Түйіндеменің қызметі мен ерекшелігі қандай?
4. Түйіндеменің қандай жазылу тәсілдері бар?


25
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
• ұлты 
• жынысы
• мекенжайы
• отбасы жағдайы
• азаматтығы
• білімі
• мамандығы
• еңбек өтілі
тілдерді білуі
• компьютерлік сауаттылығы
• ғылыми атағы, дәрежесі
• жетістіктері
• жеке қасиеттері 
• қызығушылығы
• кепілдеме 
ұсыныс хат 
• әйел
• ер
• тұрмыс құрған
• тұрмыс құрмаған
• күйеуге шыққан
• күйеуге шықпаған
• үйленген 
• үйленбеген 
• бойдақ
• жоғары 
• орта
• арнайы орта
бөлім бастығы 
• сәулетші
• дәрігер
• бас есепші
• құрылысшы
• инженер
• технолог
• жүргізуші
• тәрбиеші
меңгеруші
• орынбасары
• бас менеджер
• ана тілі 
• еркін 
• жетік 
• сөздікпен 
• жауапты 
ұқыпты
• еңбекқор
• ұйымдастырушылық қабілеті
• тез тіл табысады
• адамгершілігі мол
• кітап оқу
• спорт
• музыка
• саяхат
саятшылық
• әдеби кітап оқу
1-жаттығу. 
Сөз тіркестерін аударыңыз.
Азаматтығы туралы мәлімет, тілдерді білуі, жұмыс тәжірибесі, қысқа 
әрі нақты, жұмысқа орналасу, компьютерді білуі, ұйымдастырушылық 
қабілеті, алға қойған міндеттері, спортқа қатысы, бос уақытында 
шұғылданатын ісі, ғылыми дәрежесі.
2-жаттығу. 
Сұхбатпен танысыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
– Арман, маған көмектесіп жіберші.
Қандай көмек керек, Әсел?


26
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
– «Мұнайгаз» компаниясында конкурстық негізде қабылдайтын 
хатшы-референттің бос қызмет орны бар екен. Мен сол конкурсқа 
қатысайын деп едім. Соған түйіндеме дайындау керек.
– О-о, бұл өте жақсы ғой. Түйіндемеде өзің туралы мәліметтерді 
толық, бірақ нақты етіп беруге тырыс.
– Міне, жазған түйіндемемді көріп жіберші, өзім туралы жалпы 
ақпараттарды толық берген сияқтымын. Тағы не қосуға болады?
– Сен өзіңнің жеке қасиеттеріңді көрсетпепсің. Бұл өте маңызды.
– Сен қалай ойлайсың? Қандай жеке қасиеттерімді жазуға болады?
– Әсел, сенің бойыңда жақсы қасиеттер өте көп қой! Мы-
салы: жауаптысың, ұжыммен жұмыс істей білесің, сондай-ақ 
ұйымдастырушылық қабілетің де бар. Меніңше, осы жақсы қасиет- 
теріңнің бәрін жазуың керек.
– Көмегіңе рахмет, Арман.
– Оқасы жоқ.
3-жаттығу. 
Сұхбат бойынша сұрақтардың жауабын жазыңыз.
1. Конкурс жариялаған қандай компания?
2. Қандай бос қызмет орнына конкурс жариялаған?
3. Арман Әселдің қандай жақсы қасиеттерін атап өтті?
4-жаттығу. 
Мәтін бойынша түйіндеме жазыңыз.
Аты-жөніңіз... Жасыңыз 29-да. Орал қаласында дүниеге келдіңіз. 
Заң және сыртқы экономикалық байланыс саласында жалақысы 
жоғары қызмет іздеп жүрсіз. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университетінің халықаралық қатынастар факультетін әлемдік эконо-
мика мамандығы бойынша бітірдіңіз. «Синтез-А» Ашық акционерлік 
қоғамында қызмет істедіңіз. Ана тіліңіз – қазақ тілі, орыс және ағылшын 
тілдерін өте жақсы білесіз. Отбасыңыз бар. Сіздің бойыңыздағы жақсы 
қасиеттеріңіз: тез тіл табыса білу, жауаптылық, ұйымдастырушылық 
қабілет. Мекенжайыңыз...
ç
Тапсырмалар:
1. Салық полициясы комитетіне «программист» ретінде жұмысқа 
орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.
2. «Каспий» банкіне «қаржыгер» болып орналасу үшін түйіндеме 
жазыңыз.
3. «Алматы қаласының «Алматы ақшамы» газетінің редакциясына 
«тілші» қызметіне үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.
4. Балабақшаға «тәрбиеші» болып орналасу үшін түйіндеме жазы- 
ңыз.
5. М.Мақатаевтың «Менің анкетам» өлеңін жаттау.


27
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет