Талбүбі – жалғанда күшті әйел еді. Ірі мал омбылап қалатын
қалың батпақты қара санына дейін батып тұрып илегенде борша-
борша болды.
Жоғары ауылда той болатыны бұларға да мәлім еді. Қазақ той
дегенде қу бас домалар деп шақырылмаса да бара береді. Той
иелері қалай ма, қаламай ма – онда шаруасы шамалы. Оларды
ешкім көкірегінен итермес. Бірақ игі жақсылардың кебісі жатқан
жерге де жақындай алмас.
Талбүбі болыстың тойына барамын деп бой бермеді. Байы
айтты: бармайсың деді. Той сенің неңді алған, одан да төменнен
барып қамыс орып келейік деді. Ақыры жанжалмен, бірін-
бірі тілдесумен тынды. Тайлақ ала сиырды жетектеп қамысқа
кетті. Талбүбі мұрынбоқ бір баласын жетектеп, жоғары ауылға
жөнелді. Бойжетіңкіреп қалған қызы «мен де барамын» деп
қыңқылдап еді, «тәйт» деп тастады. Менің қайыршылығымды
көрмей-ақ қой, мен желіккеннен бара жатыр деймісің сорлы.
Тойдан қалған-құтқан қамыр, сорпа-су болса, ала келемін, отыр
үйде, – деп қалдырып кетті. Былай шыға бере тағы айқайлады: –
Барғызбасың, барғызбас, Күләй! – деді.
Есті қыз сонда бойындағы тұлдыры – қызылала көйлекті
қолымен сипалап еді, жамауы көп екен...
Достарыңызбен бөлісу: