Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет2/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

(Салауат жырынан)
«Оян, Тұрар!
Есіңде  ме,  Алматының  көк  қақпалы  абақтысында,  мен 
сені  құлқын  сәріден  осылай  оятушы  едім  ғой.  Таңғы  сәтте 
ұйқыңнан  сілкілеп  тұрғызар  едім.  Соным  обал  болған  екен. 
Аймалап-ақ,  басыңнан  ақырын  ғана  сипалап  оятуға  болатын 
екен. Бірақ айналаңның бәрі зәрлі тікенектей түрпиіп тұрғанда, 
отырсаң  құйымшағың  қылышқа  тіреліп,  түрегелсең  төбеңнен 
алдаспан  төніп  тұрғанда,  аяныш  сезім  адасқақ  келеді  екен. 
Енді армандаймын: осыдан тағдыр бізді бір көрісуге жазса, ай 
маңдайыңды  мен  періштенің  қанатымен  сипар  едім.
Бірақ күндер, айлар, жылдар өткен сайын сол арман асқындай 
түскенмен, мен сенен алыстап барамын, алыстап барамын...
Сенің қазір қайда екеніңді мен білмеймін, менің қайда екенімді 
сен білмейсің. Мен саған осы хатты қиялмен жазып отырмын. 
Қазір сен жүрген жерге қар жауса, соны менің аппақ сәлемім деп 
білгейсің. Өйткені қардың анасы мен жүрген жақта. Егер сен 
жүрген жерге терістіктен жел соқса, менің үнім деп білгейсің. 
Өйткені желдің анасы мен жүрген жақта.
Сен  мені,  Тұрар,  өз  қиялыңда  Сахалин  дейтін  түкпірден 
іздеп  жүрген  шығарсың.  О  басында  үкім  солай  болғаны  рас. 
Бірақ, Жетісудың топас соты Ресей патшасының Сахалиннен 
айрылып қалғанын білмей сандалса керек. Кәдімгі орыс-жапон 
соғысынан  кейін,  бітім  шарты  бойынша  Сахалин  жапон 
жағында  қалыпты.  Үркіт  деген  қалада  қатаржыніктерді 
бөлгенде менің диаламды оқып, орыстың Бантыш деген ұлығы 
Жетісудың сотын сыбап алды. «Ақымақ!» – деді. «Сахалиннен 


айрылып  қалғанымды  білмейтін  неткен  надан?  Сахалиншілін 
сорлының»,  –  деп  кекетті.
Содан  соң  ұлық  мені  арқамнан  қағып,  жұбатқан  болды: 
«Нешауа, Сахалинге айдамады деп өкпелеме, – деді. – Сахалиннен 
кем  түспейтін  жерге  барасың.  Бодойбо  дегенді  естуің  бар 
ма?» – деді. «Жоқ», – дедім. «Нешауа, бара көресің. Лена деген 
өзеннің бойында», – деді. «Оу, мырза, мені Бодойбода боздатып 
неғыласың?  Ақыры  Сахалин  жолы  жабық  екен.  Кері  қайтара 
салмайсың  ба,  тәңірі  жарылқағыр,  жалғыз  ұлымды,  жалғыз 
қызымды  сағындым»,  –  дедім.
Ұлық қарқылдап күліп,  «Сен әлден сағынып қалғансың, ә? – 
деді.  –  О  басында  он  жылға  кесілгенсің.  Семейдің  маңайында 
қашуға әрекет жасағаның үшін, айдауылды өлтірмек болғаның 
үшін он жыл үстіне тағы он жыл жамап алдың. «Сағыну» деген 
сөзді де, сезімді де ұмыт, сорлы. Жиырма жыл бойы сағынсаң 
–  сарғайып,  Бодойбоның  сары  алтынындай  қатып  қаласың. 
Бодойбода нағашың күтіп тұрған жоқ сені. Алтын күтіп тұр. 
Алтын қазасың, түсіндің бе? – деді. – Кім біледі, Бодойбоның 
алтыны айдалған адамдардың сағынышынан жаралған шығар», 
–  деп  ұлық  бір  сәт  қиялдап,  тебіреніп  кеткен  сияқты  көрінді 
сонда. Бірақ сәлден соң қатуланып: «Қашушы болма! Қашсаң, 
қайтып  ұстап  алып,  Бодойбоның  алтыны  таусылғанша 
қайтармаймыз,  –  деді.  –  Бодойбоның  алтыны  таусылса, 
Алданның  алтынына  саламыз.  Байқа!»  –  деді.
«Қашпа! Қашпа» – деп қайта-қайта пысықтап жатқанының 
мәні  бар,  Тұрар.  Менің  диаламдағы  қарғыс  таңбасын  көріп 
айтып  тұр.
... 1906 жылы шілдеде өзіңмен қоштасып айрылған соң біздің 
штап Алматыдан шығып, терістік-шығысқа бет алды. Жолда 
қаңлы, шапырашты, ысты, дулат, жалайырлар ауылын басып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет