Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет17/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

* * *
Ақжал  сарыға  Ақкөз  екі  ұмтылып  міне  алмады.  Иесінің 
бейтаныс мінезін ұнатпағандай есті жануар мойнын кәдімгідей 
қайырып,  Ақкөзге  бір  қарап  алып,  ішін  тартты.  Иесі  үзеңгіге 
аяғы жетпей лезде мүсәпір халге түсті. Оның қиналғанын байқап 
тұрған  көзтаныс  адамдар  қымсынып  бір-бір  басып  жақындай 
түсіп,  қолтығынан  алып  жәрдемдеспек  еді,  Ақкөз:
– Ары тұр! – деп ақырып жіберді.
Әлгілер состиып кейін шегінді.
– Мен өлген адам. Қолыңның ұшын мен тіріде берсең еді, түге!
–  Кеш,  Ақкөз  батыр.  Шабан  қимылдайтын  қу  әдетіміз  ғой. 
Құдайшылығын  айтсақ,  сескендік  бір  жағы.  Қу  жан  тәтті. 
Мылтығын  тарсылдатады.  Мен  Досмайыл  ғой,  таныдың  ба, 
батыр?
–  А,  қатпа  қара  Досмайыл  сенбісің?  Әй,  жарқыным-ай, 
шымалдай  халықтан  бір  адам  мәу  демеді-ау.  Сол  өтіп  кетті. 
Әйтпесе сойыл түк емес. Жауқазындай бала ғана шырылдады-ау, 
айналайын-ай!
–  Жауқазындай  болса  да  жүрегінің  түгі  бар  екен,–  деп 
Досмайыл  сүйініш  білдірген  болды.
– Жүрегінің сояудай түгі бар оның әкесі еді ғой, арыстаным-
ай!
Кімді айттың, батыр!
– А, арманда кеткен бір асыл. Тырнағына дейін асыл.
Ақкөз  кирелеңдеп  жүріп,  ақжал  сарыны  ойпаңдау  жерге 
тұрғызды да, тізгінді уыстай ұстап, үзеңгіге аяғын әрең артып, ерге 
ауырлап әрең қонды. Қолтығынан демемек болған Досмайылға:


–  Тек!–  деп  тастады.  –  Маған  жанасқаныңды  көрсе,  соқыр 
пристав оңдырмас. Әркім өз басын қорғалаған қу заман! Ал бірақ, 
қашанғы ыға берер дейсің. Ыға берсе – жарға барып жығылар. 
Жарға жығылмас үшін жанталас болар.
Ақжал  сарының  шылбыры  сүйретіліп  барады  екен,  Ақкөз 
еңкейіп  жиып  алайын  деп  еді,  бойы  иілмеді.  Досмайыл  тобы 
оның қарсылығына қарамай, аттарына қонып, соңынан ерді. Ал 
Ақкөздің қанталаған көзінің алдынан әлгі арашашы бала кетпей 
қойды.
* * *
Тайтақай  урядниктің  қамшысын  шыбын  шаққан  ғұрлы 
көрген  жоқ.  Жон  арқасында  білеудей  қызыл  сызық  қалса  да, 
ауырсына  қоймады.  Ол  мұндай  таяқтың  талайын  жеген.  Оның 
жанын шиқылдата шайнаған әсте де урядниктің қамшысы емес.
Тайтақайды қанжылатқан әм қалжыратқан мына тобырдың сұқ 
көздері  еді.  Біресе  мазақтап,  біресе  мүсіркеп  караған  көздер 
оның  жүрегін  паршалап,  қанжардай  қадалып  жатты.  Тайтақай 
көп көздердің арасынан әрең сытылып шығып баласына ұстатып 
қойған  көнетоз  көйлегіне  шапши  ұмтылып,  жұлып  алғанда, 
нәресте  қорқып  шыр  ете  қалды.
Көйлекті  жалмажан  апыл-ғұпыл  киіп  жатып,  қан  жосалы 
жонарқасына кептеліп қалған кебіннің жеңіне қолын сұға алмай, 
ашу  мен  ыза  қысқан  дүлей  күшпен  шірей  жұлқынғанда,  шірік 
мата  шыдас  бермей,  дар  етіп  айырылып,  бір  жеңі  қолтығынан 
қақырап  түсті.
Сол  жерде  Тайтақай  киім  атаулыны  қарғады.  —  Осы  сұм 
шүберекті,  қу  кебінді  кім  шығарды,  қандай  шұнақ  шығарды, 
ойбай?! Осы кебін болмаса, адам деген албастының бәрі бірдей 
емес пе, ойбай?! Үш күн қу тіршілікте әбиірін шүберекпен жауып 
алып,  далбасалайды,  қараң  қалғырлар.  Бәріңнің  кебінің  –  қара 
топырақ  қараң  қалғырлар.  Көздерің  шыққыр,  неменеге  қадала 
қалдыңдар?!
Тайтақай тап бергенде, қызық көрушілер үріккен қойдай жалт 
беріп, жапырылды – Байғұс, ақылы ауысқан ба?– деп күбірлесіп 
бара жатты.


Тайтақай ақылы аман, есі бүтін, кіші баласын қолынан қысып 
ұстап, Маңыраққа бет алды. Жол-жөнекей әлгі ойран осқылаған 
тойдың оқиғасы көз алдынан қат-қабат көшіп жатты. Шыжандай 
шытырман арасынан жарқ етіп қайсар бала елес берді.
– «Апыр-ау, былтыр біздің үйге келіп, Қырғызбай жездемнің 
ешкілерін айдап кеткен бала емес пе?» – деп дал болды. – «Сен де 
сондай болар ма екенсің?» – деп жанындағы кенжесінің басынан 
сипады.  Жалаң  аяғын  шеттік  тікен  сойғылап,  сирағы  қанаған 
ботасын жерден көтеріп алып, қамшы тілген арқасына лақтыра 
салып, шеңгел ілген етегін ышқырына қыстырып қойып, құртқа 
қасқырдай қасарысып, бел асып бара жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет