Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет20/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

* * *
Директор  кенет  жүрегі  сыздаған  адамша  әлсіреп  барып 
креслоға отыра кетті. Ақырған да жоқ, бақырған да жоқ. Сотта 
өлім  жазасына  кесілген  жандай  есеңгіреп  біраз  отырды  да 
сыбырлап  қана:
– Хатты оқығаныңнан қорықпаймын. Мейлі оқығаның дұрыс 
та  болған  шығар.  Мені  сатпайтыныңа  көзім  жетеді.  Ал  ертең 
елдің алдында саған мына куәлікті қалай тапсырамын? Қайдағы 
Рысқұлов! – десе не деймін? Осы қинап тұр, Қызыл Жебе. Ох, 
бүлдірдің, бауырым, бүлдірдің. Тіпті осы күні бүркеншек атпен 
жүретіндер аз емес қой. Азар болса, солардың бірі болар едің де.
– Оныңыз рас, Иван Владимирович, сіз де бүркеншек атпен 
жүр екенсіз. Бірақ менің әкемнің аты мүлде өшіп кеткені қиянат 
болар  еді.  Әкем  жазықсыз  жазаның  небір  дөкейлерін  көрген. 
Ал мына жаза тым ауыр, тым обал болар еді... Ертедегі жайды 
уайымдамаңыз,  Иван  Владимирович.  Ертеңгі  салтанатты 
жиынға  мен  қатыспаймын.  «Қырғызбаев  атасы  қатты  ауырып 
ауылына кетті»  деңіз. Ал куәлікке қолыңызды қойып, мөріңізді 
басып,  қолыма  қазір  ұстатыңыз.  Қайтып  мені  Меркеден  ешкім 
көрмейтін  болады.  Сізге  титтей  де  зияным  тимес.
– Мұның да ақыл екен,– деп директор самай шашын сипалай 
берді. – Дегенмен, түрме үйреткен-ау саған мұның бәрін. Бесіктен 
белі шықпай жатып түрмеге түскен адамнан бәрін күтуге болады.
–  Диірменде  туған  тышқанның  баласы  дүрсіліңнен 
қорықпайды, 
Иван 
Владимирович.
–  Сен  тышқанның  баласы  емес,  жаралы  арыстанның 
баласысың.  Сен  Қызыл  Жебесің,  бауырым!–  Осыны  айтып 
директор орнынан түрегеліп, Тұрардың басын кеудесіне қысып, 
өз  туған  баласын  алыс  сапарға  шығарып  салып  тұрғандай, 
тебіреніп  көп  теңселді.
– Қазақтан сендей шәкірт тәрбиелегеніме қуанамын, Тұрар, – 
деп сыбырлады.
Тұрар  ұстазының  құшағынан  сыпайы  ғана  босанып  алып, 
оның  көздеріне  көзін  қадап:


– Бауырым, Иван Владимирович, шын айтасыз ба? Шыннан 
қазақ дедіңіз бе? Қазақ та мен сияқты өзінің шын атынан айрылып 
жүрген жоқ па? Кеше Семашко мырза маған «қазақ, қазақ» деп 
қақылдайсың деп ренжіді... Сонда қалай? Айтыңызшы, ағатай!
– Қазақ та өз атына ие болар, Тұрар. Ол заман да туар. Бірақ 
Семашко мырза дұрыс айтады. «Қазақ, қазақ» деп тек ұлтыңның 
туын  көтерер  болсаң,  қыңыр  кетесің.  Мүлде  –  тек  бір  ұлттың 
құлы  болуда  емес,  адамның,  адамзаттың  ұлы  бол!  Қазақтың 
кедейі  көрген  қорлықты  орыстың  кедейі  көрмей  жүр  ме  екен? 
Мына іргеміздегі қырғыздар ше? Өзбектер, татарлар, украиндар 
ше?  Міне,  осылардың  бәрінің  кедей  табының  басы  біріккенде 
ғана  мақсатқа  жетеміз.  Жеке-жарым  бөлініп  алып,  ешбір  ұлт 
береке  таппайды.  Ленин  солай  үйретеді,  ұқтың  ба,  Тұрар?!
–  Ленин!  –  деді  Тұрар  да  сыбырлап,  екі  көзі  жайнаңдап 
сала берді. – Мен бұл есімді түрмеде Александр Бронниковтен 
естігенмін.  Білемін,  Иван  Владимирович,  білемін,  ағатай!
–  Білсең,  есінде  болсын,  сен  қазақтың  ғана  емес,  бүкіл 
езілгендер әлемінің ұлысың. Қазақтың кедейін жақтаймын деп, 
орыстың  батырағының  обалына  қалушы  болма.  Батам  осы!
– Бір сұрақ: Айтыңызшы, Иван Владимирович, «С. Д. және С. 
Р.» деген не? Хатыңыздан...
– Түсіндім. Тұрар. Бұл жөнінде екеуміздің әңгімеміз әлі жалғаса 
берер деп сенемін. Оны бір сөзбен айтып түсіндіру қиын. С. Д.– 
социал-демократ,  С.  Р.–  социал-революционер.  Ал  бұлардың 
ата-тегін  ажыратып  айтатын  адам  Пішпекте  бар.  Сен  оқитын 
техникумда.  Оған  хат  жазып  беріп,  сені  ерекше  тапсырамын. 
Меркеге әлгінде өзің айтып қалғандай, қайта оралмайды емессің, 
жиі келіп тұратын боласың. Тек сейілдеу үшін емес, өте жауапты 
істер үшін де. Түсінесің ғой... Ендеше, жортқанда жолың болсын, 
жолдасың – таудай талап пен табиғи талантың болсын! Иә, сәт!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет