Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
78
дауға бағытталған мемлекеттің қаржы құралдарын пайдалану-
дың тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсету, мемле-
кеттік бағдарламаларды құруға және іске асыруға
қатысу;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
мақсатын несиелеу;
екінші деңгейдегі банктерден несие алу үшін субъекті-
лер пайдасына кепілдеме беру.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР Заңына сәйкес
Қордың негізгі тапсырмалары:
жобалық қаржыландыру;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микро-
несие
ұйымдары тораптарын дамыту;
екінші деңгейдегі банктерден несие алудағы шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің кепілденген жүйесін құру;
қаржылық лизингті дамыту;
шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консал-
тинг;
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті
жүйесін енгізу бойынша операцияларды үстеме қаржы-
ландырудың жүйесін дамыту.
Өз қызметі шегінде «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ
келесідей бағдарламаларды қаржыландырады:
Қаржыландырудың негізгі қағидалары – Қазақстанның ша-
ғын қалаларында шағын бизнес субъектілерінің тиімді инвести-
циялық жобаларын экономикалық қаржыландыру, аймақтың
(жобаның жұмыс істеу орны) экономикалық дамуына, жұмыс
істеуіне бағытталған. Қарыз алушы нақты қарыздың 60%-іне
дейінгі сомасын жоба бойынша айналым қаражатын толық-
тыруға пайдалануы мүмкін. Қаржыландыру формасы лизингтік
негіздегі несиелеу болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бағдарламасы,
оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі республикалық бюджет қара-
жаты арқылы жүзеге асырылады. Қазір қаржыландыру аталған
бағдарлама бойынша қайтарымды қаражаттан қаржыландыры-
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
79
лып отыр. Әйелдер кәсіпкерлігін анықтаудың негізгі критерийі
еңбек ұжымында әйел затының жалпы құрамның 50%-тен аз
болмауы және әйел-жетекшінің болуы болып табылады.
2.
Ауылшаруашылық секторы үшін Азия Даму Банкінің қарыз
беру бағдарламасы
Қор қарызды екінші траншада Азия Даму Банкі ауылшаруа-
шылық секторының 55,6 млн АҚШ доллары көлемі бойынша
қызмет етуге қатысады. Қарыздың қаражаты ауылшаруашылық
өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге жабдықтарды сатып
алуға несиелеу үшін арналған, ауылшаруашылық техникалары
үшін машина-технологиялық станциялар, көтерме азық-түлік
нарықтары және басқа нарықтық инфрақұрылымдар құруға,
ауылшаруашылық өнімдерін шығаруда, сонымен бірге айналым-
дағы қаражатты қажетті қаржыландыруға арналған. Қарыз
сомасының 60%-і әрбір жеке жоба бойынша соңғы қарыз
алушының айналым қаражатын толтыруға бағытталуы мүмкін.
Азия Даму Банкі желісінде қаржыландыруды алу үшін қарыз
алушылар келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:
қарыз алушы максималды жұмысшы санымен (50 адам)
шағын
бизнес субъектісі болуы;
кәсіпорын активтері 60000
АЕК кем емес болуы;
өтімді қарызды қамтамасыз етуі қажет.
3.
Достарыңызбен бөлісу: