Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет71/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

5. Сын есім
1. Сын есімдерді тауып, мағынасы мен морфемалық құрамына 
талдау жасаңыздар.  
Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы көк шатырлы, үлкен 
ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл, татар саудагерінің 
үйі. Үстінде тиін ішіктің сыртынан киілген, жағасы қайырма қара 
барқыт қаптал шапаны бар. Күрең құнаншығардың таңдамалы 
жылы-жұмсағы ас үйге қарай əкетілді. Осындай жиында үлкенді-
кішілі рулардың атқамінер, ақсақал, қарасақалы араласып жатты. 
Бар түйенің үстіне артылған жүктерді жапқан өңшең қара кілем
қоңыр алаша, қара ала текемет көрінеді (М. Əуезов). Жүйрік ат, 
қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат 
қақпан, түзу мылтық сияқтылардың қай-қайсысы да өзіндік сырға 
толы тамашасымен əркімді-ақ еліктіре білген. Бүркіт ұя басарында, 
таулы жер болсын, орманды жер болсын, араларын бір, бір жарым 
шақырымнан бірнеше ұя салады (А. Сейдімбек).
2. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасап, шырай түрлерін, 
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Екі беті қып-қызыл боп, қайратты шаштары үдірейіп, жалт етіп 
Абайларға қарап, сақ-сақ күліп жіберді. Сырты үп-үлкен ақшыл үйге 
Абайлар кіре бергенде-ақ, Байдалының бір нəрсеге қатты ашула- 


128
нып, айқайлап жатқан үні естілді. Баласының екі көзі от шашып, беті 
қызғылттанып, танауы да желбірей түседі. Қаны қашқан, сарғылт, 
жүдеу жүзіне көкшіл таңбадай ашу келді (М. Əуезов). Керісінше, əжім 
торлаған қысықтау қой көзіне болар-болмас күлкі ұялаған сияқты. 
Жөні түзу, тəрбиесі жақсы, сүп-сүйкімді адам еді. Соған қарамай, 
Рамазан мерген дəл осы кезде киіктің ізін көбірек бағатын. Жайлау 
төрінен əп-сəтте үй орны таңдалып, жосалы қызыл керегелер жайы-
лып, аппақ жұмыртқадай киіз үйлер нобай таныта бастады. Бүркіт 
жұмыртқасының түсі ақшыл болады (А. Сейдімбек). Қыстыгүні оқу 
үшін, Болжықтың бір бөлмесін үлкенірек етіп салдырдық. Көше де, 
үйдің айналасы да тап-таза (Ғ. Мүсірепов).
3. Сын есімдерді сөйлемдегі қызметіне қарай талдаңыздар.
Аласа алкүрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс 
көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес. Істеп келген ісін 
қысқа ғана баян етіп еді. Ол Құнанбайға өкпелі. Үлкен қазанның 
астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. Үлкен үйдің іші сыр-
тындай жұпыны емес, жасаулы, кілемді, алашалы екен. Қара көкті 
осы жаз басынан байлап жүр еді.  Күрең ат – Бөжейдің қыс мінетін 
аты (М.Əуезов). Бүркіт деп қазақ аңшылары жыртқыш құстардың 
ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренгіш естісін атаған. 
Сол кемерге салынған ұяға қанаттыдан басқаның тұяғы тиер емес. 
Осы сəт осынау қиын қияда менің қимасым қалып бара жатқандай, 
енді қайтып мына сары үрпекті көрмеспін-ау деген ой жаным-
ды құлазытып, жүрегімді шым еткізгендей болды (А. Сейдімбек). 
Мұндай жерде оның сөйлегені де бір түрлі, қызық. Томарша 
қатесіз түсіне қалды, не берсе де ақысыз, пұлсыз, жай беріп жатыр 
(Ғ. Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет