Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет73/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

7. Есімдік
1. Есімдіктердің мағыналық тобын жəне қай сөз табының орнына 
қолданылып тұрғанын анықтап, морфологиялық талдау жасаңыздар.
Абайға бұл сөз бір түрлі түрпідей тиген қатты тұрпайылық сияқты 
көрінді. Үй маңынан барлық жұрт арылыпты. Жүрегін əлдеқандай 
реніш, өкініш басқандай. Сол үлкендердің өз ойларындағы 
сыпайылық, сыйластық дəстүр үшін біреуге сый беріп, біреуге серт, 
уəде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сəлем хатпен тартып, əйтеуір, 
9–1136


130
бір ай шамасында талай руды қайырып, баурап апты (М. Əуезов). Осы 
сынаптай сырғып, жанасқанын қан қақсатып, өзіне сілтеген сойылға 
жер қаптырып, ұршықтай үйіріледі. Наймантай өзінің осы жүрісінен 
ыңғайсыздық сезінгендей болды. Тағаты таусыла асыққанда күткені 
мұнан гөрі басқа бірдеңе сияқты еді. Қонақтардың қыбырына сырт-
тан құлақ түріп жүрген күтуші жігіттер де бұлар тұрысымен түндік 
ашып, саулық сұрасып, құрақ ұшты. Бүгін қаңтардың жылдай түнін 
еш қалғып-мүлгусіз сергек өткізді. Тап бір ұрлық жасағандай, бұл 
қылығымды əлдекімнен жасырғандай, сасып жүрмін (А. Сейдімбек).
2. Сөйлемдерден есімдіктерді тауып, морфемалық құрамындағы 
ерекшеліктеріне, түрлену жүйесі мен қызметіне, жасалу жолына 
толық сипаттама беріңіздер.
Мынау отырған төрт досының ішінде сыр беріп жылаған – 
жалғыз Сүйіндік. Анау үшеуі үн қатқан жоқ. Осыдан кейін бір 
жанға бір ауыз сөз айтқан жоқ. Қалған жай бəріне де мəлім еді. 
Бұл үлкендер осы түнде қырық-елудей жігіт-желеңді жəне бірер 
ақылшы кəріні қастарына алып, өліктің артын күтетін қамға кірісті. 
Хабарды кімге беріп, кімге бермеуді Байдалы өзі атаған (М. Əуезов). 
Мұндайда балқыған алтындай шашырап, көкжиектен шыққан сұлу 
күнді де алдымен өзі көруші еді. Көкірегін күш кернеп, қомағай 
сезімі əлденедей қан қызу айқас тілейтін. Əсіресе, күн шығар сəттегі 
дала тағыларының өзіндік тіршілік қарекеттері, бой жазу жортуы-
лы, əлдінің əлсізге жасаған зорлығы, сақтық қорғанысы, алаңсыз 
ойындары, қайсыбірінің сыланып ұзақ таранатыны, міне, солардың 
бəрі де ақиық бүркіт үшін алақанында болып жатқандай ап-айқын 
көрінуші еді. Ол жер бетінің осынша мол, думанды тіршілігіне тек 
өзіне ғана тəн өрлікпен иемдене қарайтын. Ал Табиғат-Ана ешқашан 
қателесіп көрген емес, қателеспейді де (А. Сейдімбек). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет