Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Етістіктің аналитикалық формас



Pdf көрінісі
бет76/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

10. Етістіктің аналитикалық формас
ы
1. Аналитикалық тұлғалы етістіктер мен күрделі етістіктерді 
ажыратып, морфологиялық талдау жасаңыздар. 
Ол жақтан жалғыз кеп жатқан суық, қатал сөздердің бірталайын 
айтысып өтті. Осының ертеңінде Құнанбайдың сəлемімен Бөжей 


133
аулына Жұмабай барып қайтты. Бөжейдің бұл жауабынан Абай да 
қатты түңілген еді. Жəне таңертең өлген баланы сол күні түс ауа 
қойып та бітіріпті. Айғыз бен Ұлжан есіткенде, бүгін қойшыдан 
естіп отыр  (М. Əуезов). Түлкі орнынан да қозғалған жоқ. Тəрізі, 
аязсып тұрған мылтықтың алғашқы оғы аяқ астынан əріге бар-
маса керек.  Бұл əңгімені Рамазан мергеннің өз аузынан естіп 
едім. Құлақшекенің тұсы осы-ау деп қарауылға іліктірген мезет-
те шүріппені тартып қалады. Мергеннің ақ шолақ мылтығы шаңқ 
етеді. Көптен бері жер шалғай болып, сан соғып жүруші едім, жаңа 
қонысын естіген соң барып қайтпақшы болдым. Бір-екі рет кергіп
қанат қомдап алды да, жуан мойынын қылқыңдата төңірегіне қарап 
қойды. Мұса түз тағысының бұл қимылынан тоят алып қалғанын 
аңғарып еді (А. Сейдімбек). 
2. Берілген аналитикалық форманттармен аналитикалық 
етістіктер жасап, сөйлем құраңыздар. Аналитикалық форманттардың 
мағынасы мен құрамын анықтаңыздар.
-п тұр, -п ал, -п сал, -п бара жатыр, -а ал, -а сала, -а тұр, -а бер, -а 
келе, -са екен, -са игі еді, -са болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет