3. Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту
жөнінде шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге
дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды
салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді
шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ
мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез
келген көлемін таңдай алады.
Егер монополист ең аз орташа ұзақ мерзімді LRAC
min
шығындардан жоғары шығындармен
өндірсе, бұл өндіріс факторларын пайдалану нәтижесіздігінің көрсеткіші болып табылады.
Ауқым әсерінің жартылай пайдалану немесе кері ауқым әсерінің әрекеті себеп болуы мүмкін.
Монополия жағдайында ауқым әсерінен фирма ұтады, егер нарық сұранысы МС = MR
жағдайын қамтамасыз етсе. Енді монополист өндірісті кеңейту жөнінде шешім қалай
қабылдайтынын қарайық 73 суретте монополист ұсынысының q-дан
Q-ға дейін өсуі
көрсетілген. Q тең өндіріс көлемінде ең аз қысқа мерзімді орташа шығындар АС
2
қисық
сызығымен белгіленген. Сонда ұзақ мерзімді орташа LRAC
2
шығындар q тең өндіріс көлеміне
LRAC
min
айтарлықтай асады, q ауқымды 2 зауыт салып, монополист жиынтық ұсынысты 2q
дейін көбейтеді. Бұл өндірістің ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарда іске асырылуын
білдіреді: MR = LRMC = LRAC
min
. Нарық бағасы нәтижесінде азаяды (Р
Q
– Р
2q
дейін), бірақ
монополистің жиынтық пайдасы ұсыныстың өсуі мен өндірістің орташа шығындарының
төмендеуі есебінен өседі.