1)
Монополист әрдайым жоғары бағаны белгілейді. Бұл олай емес: монополистің бағасы
жоғары емес, ең нәтижелі, яғни ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін.
2)
Монополиялық билікке ие болу – пайда алудың кепілдігі. Бұл дұрыс емес, өйткені
кейбір жағдайларда (сұраныс азайғанда) монополист шығындарға ұшырайды.
3)
Монополист орташа пайданы өсіруге (көбейтуге) ұмтылады (өнім бірлігінен пайда
алу). Бұл пікір де дұрыс емес. Шын мәнінде, монополист валдық (жалпы, жиынтық) пайданы
көбейтуге (өсіруге) ұмтылады. Бағасы 32 доллар тұратын өнімнің 4 бірлігін сатып, 128 доллар
пайда алғанша, ол бағасы 28 доллар тұратын өнімнің 5 бірлігін сатуын қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: