бірлігіне салық енгізу немесе пайдаға салынатын салық.
Тауар салығын енгізгенде сұраныс
икемділігінің дәрежесін есептеу қажет, өйткені оның жағымсыз салдары – өндіріс
шығындарының өсуі, нәтижесінде монополист бағаны жоғарылатып, өндірісті азайтады. Егер
сұраныс икемді болса, бағаның өсуі салық шамасынан аздау болып, монополиялық пайда
тұтынушылар пайдасына қайта үлестіріледі (осы монополистің өнімін сатып алатын
тұтынушылардың). Егер сұраныс икемсіз болса, монополияны мемлекеттік реттеу шарасы
ретінде тауар салығын енгізуге болмайды, себебі бұл қоғамдық әл-ауқаттың одан сайын
төмендеуіне әкеледі. Пайдаға салық енгізудің мақсаты: монополистің пайдасын кәдімгі
(нормалы) деңгейге түсіру (пайдасының жартысын алу нәтижесінде). Бұл салық бағалар мен
өндіріс көлеміне әсер етпейді, оны толық өндіруші көтереді. Нәтижесінде алынған салық
түсімдеріне барлық тұтынушылар ие болады. Алайда, мұнда шектен шығуға болмайды, себебі
салық салудың нәтижелілігі түсіп, өте жоғары салықтар, бағаның өте төмен шегі сияқты,
жағымсыз салдарға әкеліп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |