фирманың стратегиялық мінез-құлқы (іс-әрекеті). Олигополист-фирмалар бір-бірінен өзара тәуелді, өз
бәсекелес басымдықтарын жоғалтпау үшін бір-бірімен санасуға тиісті. Олигополистер әрқашан
«бәсекелестеріне қарап» өмір сүреді. Ол таңдаған өндірістің көлемі мен бағасы бәсекелестер
өндірісінің көлемі мен бағаларынан жоғары дәрежедегі тәуелділікте, себебі олигополия нарығы
аз ғана бәсекелес арасында бөлініп, әр қайсысының іс-әрекеті (мінез-құлқы) басқалардың жүріс-
тұрысынан тәуелді. Сондықтан, пайданы көбейтуге ұмтылған олигополист шекті шығындар
мен шекті түсімді теңдеудің классикалық әдісімен пайдалана алалмайды (яғни шекті түсім
сұраныс функциясынан тәуелді). Осыған орай олигополия жағдайларында барлық фирмалар
ұмтылатын тепе-теңдіктің бірыңғай нүктесі жоқ. Стратегиялық мінез-құлық (жүріс-тұрыс, іс-
әрекет) сипатына байланысты олигополияның бірнеше үлгісі бар. Егер олигополист – фирмалар