сұраныс
3)
Мұнайға деген сұраныстың
икемсіздігі
– өндірістің тіпті аз ғана (сәл) қысқаруы
бағаның айтарлықтай өсуіне әкеледі. Жоғары баға өсіп кеткен валдық (жалпы) шығындарды, ал
өндірістің қысқаруы – валдық (жалпы) шығындардың төмендеуін көрсетеді. Нәтижесінде бұл
пайданың өсуіне әкеледі.
Осы шарттарды сақтаса, кез келген картель келісімі нәтижелі болады. Бірақ, бұрын айтып
кеткендей, картельдің қирау механизмі картель табиғатының өзінде. Енді бұның қалай
болатындығын қарайық. 79 суретте нағыз бәсекелестік (Р
К
және Q
K
) жағдайында салада
өндірістің болуы мүмкін бағасы мен көлемі, сонымен қатар картель келісімін жасағанда
белгіленетін баға мен өндіріс көлемі көрсетілген (Р
kr
мен Q
kr
). Картельдің бағасы жоғары, ал
өндіріс көлемі бәсекелес нарықтан төмен, осының арқасында МС = MR
kr
экономикалық пайда
алынады. Бірақ экономикалық пайданы алудың шарты – әр олигополист – фирма q
kr
өндіріс
көлемін (өндірістің жиынтық көлемі Q
kr
құрау керек) қатал ұстануға тиісті. Әр жеке фирма q
1
өнім шығарымында (мұнда баға шекті шығындарға тең) өз пайдасын көбейтетіні мәлім.
Сондықтан, олигополист – фирмалар жасалған келісімге қарамастан, өндірістің q
1
дейін өсуіне
ұмтылады. Егер олар барлығы бағаны көтеріп, өндіріс көлемі Q жетіп, ал баға Р
К
дейін түсетін
деңгейге жетсе, экономикалық пайда нөлдік болады.
Достарыңызбен бөлісу: |