Ең бірінші: көшбасшы – фирма өз өніміне деген сұраныс қисық сызығын салу керек.
Нарық сұранысы (D) қисық сызығын және басқа фирмалардың жиынтық ұсынысының қисық
сызығын біліп алу қажет, олардың ұсыныс қисық сызығы шекті шығындар қисық
сызықтарының сомасы – S
n
, ол өз өніміне деген сұраныс функциясын (D – S
n
) деп анықтайды.
Р
2
баға бойынша барлық салалық сұраныс баға көшбасшысымен қамтамасыз етіледі, Р
1
баға
бойынша – басқа фирмалармен. Сондықтан, көшбасшы – фирма (D
L
) өніміне сұраныс қисық
сызығы – сынық қисық сызығы Р
1
Р
2
D
L
. Ары қарай көшбасшы – фирма оңтайлы бағаны
анықтайды: ең жоғары пайданы әкелетін баға (яғни MC
L
= MR
L
) – P
L
. Осы бағаны белгілеген
жағдайда көшбасшы – фирма Q
L
тең өндіріс көлемін қамтамасыз етеді, ал қалған фирмалар –
Q
n
(олардың өндіріс көлемдері шекті шығындарға сәйкес қалыптасады). Өзіне көшбасшы рөлін
алған фирма үшін осы үлгіде әрқашанда тәуекел бар: қалғандары оның мәртебесін танығысы
келмей, бағаның өзгеруіне дұрыс назар аудармауы мүмкін. Тіпті бұл жағдайда баға соғысы
басталады. К. Макконелл, С. Брюдің «Экономиксінде» осындай мысал келтірілген: «Америкэн
тобакко» мен «Рейнольдс» компанияларында 1924-1941жж. кезеңінде бағалар 8 рет өзгертілді.
Нәтижесінде, баға көшбасшысы ақыры анықталғанда, сала фирмаларының пайдасы нормадан 2
есе көбейді.