Қоршалған баға белгілеу. Қоршалған баға белгілеудің үлгісі тәжірибеде баға
көшбасшылықтың біліну түрі болып табылады. Оның мақсаты:
салаға жаңа фирмалардың кіріуіне кедергі жасау. Бұл басқа фирмалар үшін де пайдалы, сондықтан олар қалыптасқан
жағдайларды сақтауға тырысады. Әдетте, олигополия жағдайларында кіру кедергілері бар
(негізінде ауқым әсерімен, яғни саладағы өндірістің жоғары шығындарымен себептелген).
Егер бұл кедергілердің нәтижесі аз болса, олигополист – фирмалар оларды нарық бағасын
түсіру жолымен жасанды түрде көтереді. Бұл қалай болатынын қарайық. 81 суретте Р бағаға
және Q өндіріс көлеміне сәйкес нүкте кооперативтелген олигополия жағдайларында қызмет
жасайтын фирмаларға экономикалық пайда алуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге,
экономикалық пайда алу мүмкіндігі салаға жаңа фирмаларды тартады, оның нәтижесінде
экономикалық пайданың деңгейі төмендейді. Оны болдырмау үшін олигополист – фирмалар
нарық бағасын Р
1
деңгейде (ең ұзақ мерзімді орташа шығындарға сәйкес) белгілеп, ұстауға
тырысады. Бұл фирмаға экономикалық пайда алуына кедергі болса да, жаңа бәсекелестерден
құтқарады. Олигополист – фирмалар таңдаған баға деңгейі шығындар деңгейінен тәуелді.
Қоршалған баға белгілеу стратегиясы саладан бәсекелестерді ығыстырып шығарып
тастауға да мүмкіндік береді. Баға көшбасшылықпен бірге келесі нұсқаны береді: фирма – баға
көшбасшысы бағаны ең аз қысқа мерзімді орташа шығындардың деңгейінде белгілейді, бұл
кейбір бәсекелестерді нарықтан кетіреді. Бірақ, фирма өзі де аздаған шығынға тап болады, бірақ
оны ұзақ мерзімді кезеңде бәсекелестікті төмендету есебінен толтырады.
P
MC
LRAC
P
1
D
MR
Q Q
1
81 сурет . Қоршалған баға белгілеу үлгісі