Монопсония – бұл тауар,
қызмет көрсету, болмаса қорларды
бір ғана сатып алушысы бар
нарық түрі. Қорыта айтқанда – сатып алушы фирма, нарықта дара монополист. Мұндай
жағдайда бағаны фирманың өзі белгілейді. Айталық, жұмыс күші нарығында, бір ғана жұмыс
беруші басымдылықта болып ерекше жағдай қалыптасуы мүмкін. Мысалы, жұмысшылар
жұмыс берушіні таңдағанда, еңбекақының басқаларға қарағанда жоғары болуымен қатар,
жұмыс орны, оның тұратын үйіне жақын болуын қалайды. «Монопсония» термині ертедегі грек
сөзінен алынған, ол «бір сатушы» дегенді білдіреді. Экономикалық ғылымға «монопсония»
терминін ағылшын экономисі Джон Робинсон ендірген. Оны бағаны сатып алушы белгілейтін
барлық нарыққа қолданады.
Таза монопсония - өндіріс қорларын бір ғана сатып алушы. Таза монопсония – сирек
құбылыс. Ол барлық еңбекке жарамды тұрғындарды жалдайтын бір ғана фирма өмір сүретін
кішігірім қалаларда кездесуі мүмкін, немесе, ерекше жағдайда нарықта ұсынылған ядролық
қаруды бір ғана сатып алушы үкімет, үйткені бұл тауарды иемденуге басқаларға тиым
салынған.
Монопсония билігі – бұл бір ғана сатып алушының сатып алатын қорлар бағасына әсер
ететін қабілеттілігі. Монопсондлық биліктегі фирма сатып алуды ұлғайтқанда сатып алатын
тауар бағасы өседі. Монополист-фирманың өндіріс қорларының ұсынысы, жоғары көтерілген
қисықпен сипатталады.
11.9-сурет. Монопсонистің жұмысқа алудағы шешім
қабылдауы
Өндіріс қорлары нарығындағы монопсондық биліктегі фирма қорларға шекті
шығындары, берілген өндіріс өнімінің шекті табысымен теңелгенше қорларды сатып алу
арқылы табысын ұлғайта береді:
MIC=MRP;
11.9 суретте бұл С нүктесі. Біз монопсонды фирма жұмысшыларды тепе-тең нүктесімен
(LA) салыстырғанда аз (LС) жалдайтынын және қорлардың жетілген бәсеке нарығында оларға
барынша төмен жалақы төлейтінін көреміз (w1
нарығында тепе-тең нүктесі, қордың шекті өнім табысы оның бағасымен теңелген жерде
орналасады.
Өндіріс қорларын сатушылардың монопольды билігі. Егер сатып алушы, немесе сатушы
өндіріс қорлары бағасына әсер ететін болса, өндіріс қорлары нарығы жетілмеген бәсекелестікте
қызмет етеді. Егер сатып алушы белгілі барлық өндіріс қорларының недәуір бөлігін сатып алса,
онда сатып алушы өндіріс қорлары бағасына бақылау жасай алады. Осы тәріздес жағдай,
өндіріс
қорларын сатушы, мысалы, жұмыс күші, еңбек ұсынысының едәуір бөлігіне иелік ететін
ұжымдық агент-кәсіподақ, осы ұсынысты кәсіподақ мүшелері – жұмысшылардың еңбек ақысын
көтеру мақсатында, шектей алады. Сондықтан, кәсіподақтар жұмыс күші ұсынысына, жалақы
деңгейіне және еңбек өнімділігіне әсер етуі мүмкін.
Өндіріс қорларына сұраныс, дайын өнім нарығындағы монопольды билікке байланысты.
Монопольды билікке ие кәсіпорын, бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда аз өндіруге
ынталы. Бұл кәсіпорындар үшін қосымша өндіріс көлемінің шекті табысы салыстырмалы
бағадан төмен болуына байланысты, өндіріс қорларының шекті игіліктер табысы олардың
шекті игілік құнынан төмен болады. Нарықта монопольды биліктегі кәсіпорын, еңбек ақы
мөлшері бірдей жетілген бәсекеде қызмет істейтін кәсіпорындарға қарағанда, аз көлемдегі
еңбек қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие. Өндіріс қорларына монопольды-сатушы билікке ие
жағдайында белгілі өндіріс қорын сатушы, көрсетілген алмастыру аз, немесе жоқ қор
нарығында сол қордың барлық ұсынысын қамтамасыз етеді.
Көп тараған жұмыс күшін сатушы – кәсіподақтар. Олардың рөлі екі түрлі: бір жағынан
мүшелерінің мүддесін қорғайды, ең алдымен еңбек ақының белгіленген дәрежеде болуы мен
қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету, екінші жағынан – жұмыс күші қызметін сатуда
монопольды билікке ие ұйым. Кәсіподақ, бәсекелес еңбек ақыдан жоғары тепе-теңдік нүктедегі
жалақы деңгейін белгілеу мақсатында жұмыс күші ұсынысын бақылайды.
Кәсіподақ мүшелерінің аса жоғары жалақысы жұмысшылар санының азаюымен
қабаттаса жүреді. Кәсіпкердің шекті еңбек өнімі табысының көтерілуіне әкеледі, еңбекті
капиталмен алмастыруды күшейтудің нәтижесінде жұмысшылардың еңбек өнімділігі артады.
Кәсіподақтар, жұмыс күшінің тұрақсыздығын тоқтатады. Кәсіпорын меншік иесінің оларды
дайындауға кететін шығынын қысқартады.
Олигополия – азғана фирмалар белгілі өндіріс қорының нарықтағы барлық ұсынысын
сатып алатын, өндіріс қорлар нарығының құрылымы. Олигополия бірнеше ғана сатып
алушыларға, көп сатушылар (өндірушілер) қарсы тұратын нарық түрі. Олигополия
монопсонияға қарама-қарсы. Олигополияға кәсіби спортшылар мысал болады. Спортшылар
өздерінің қызметін азғана фирмаларға сата алады. Олигопсонияның бәсекелес фирмалар
өздерінің өзара тәуелсіздігін түсінетіндігі жетілген олигополияға ұқсас.
Олигопсонияда бірнеше
фирма монопсония билігіне ие және қорлар бағасына әсер ете алады.
Дайын өнім нарығындағы монопольды билікпен үйлесетін монопсония билігі. Егер
фирма жұмыс күші нарығында монопсониялық билікке және оның дайын өнімі нарығында
монопольды
билікке ие болса, қызметкерлері ең жаман жағдайда болады (11.10 сурет).
11.10 сурет. Бір мезгілде монопсонист және монополист фирма
11.10 суретте көрсетілгендей, монопсония тепе-теңдікке MRPL=MICL сәйкес Е
нүктесінде жетеді. Бір күнде QL жұмысшы жалдау үшін, фирма w* саласындағы күндік жалақы
төлейді. Мұндай жалақыда фирма өзінің табысына екі бөлікке бөлінетіндей VRST аумағына тең
саланы үстейді (қосады). Табыстың өсуінің бірінші бөлігі, Е нүктесінде MRPL>w* cандарын
GEST аумағын құрайды. Табыстың екінші бөлігі, Е нүктесінде VMP*L>MRPL болғандықтан,
барлық штрихталған VRST аумағы оның табысына қосымша.
Осылайша, фирма монопсония және монополияны билікке ие болғанда, тек монопсония
билігіндегі фирмамен салыстырғанда аз жұмысшы жалдап және аз жалақы төлейді.
Достарыңызбен бөлісу: