10000
DB SH
DC 5000
DC1 DC
DH
DC1
DH
25000 50000 QB 50000 75000 QH
а) б)
104 сурет. Жоғары сапалы (а) және сапасы төмен (б) автомобильдер нарығы
Алайда, бұл нарық симметриялық емес ақпаратты нарық болғандықтан, сатушыларда,
(сатып алушыларға қарағанда), тауар сапасы жөніндегі мәлімет көбірек. Алдында сатып
алушылар автомобильдің сапасын орташа деп бағалайды (оны сатып алғаннан кейін ғана
сапасын бағалай алады). Орташа сапасы бар автомобильге нақты сұраныс екі графикте DС деп
белгіленген, ол DB – дан төмен, ал DН – нан жоғары. Сатып алушылардың тауар сапасын
осылай бағалауымен 25000 жоғары сапалы және 75000 сапасы төмен автомобильдер сатылды.
Сатып алушылар сатып алған автомобильдердің көбінің сапасы төмен екендігін түсіне
бастағанда, сұраныс қисық сызығы жылжиды. Графиктерде автомобильге сұраныстың жаңа
қисық сызығы DС1 деп белгіленген. Бірақ, оған сәйкес сапасы төмен автомобильдердің одан да
көп саны сатылады, сондықтан сұраныс қисық сызығы одан ары жылжиды. Соңында сұраныс
жылжулары мынаған әкеледі: тек қана сапасы төмен автомобильдер сатылады (сұраныстың
қисық сызығы DН орнына келеді (жылжиды)), себебі: қалыптасқан нарық бағасы жоғары
сапалы автомобильдерді сату үшін өте төмен болып табылады. Симметриялық емес ақпаратты
нарық жағдайында сапасы төмен тауарлар жоғары сапалы тауарларды ығыстырып шығарады.
Сатып алушылар тауар сапасы жөнінде ештеңе білмейді, сапасы төмен екен деп, оның
нәтижесінде бағалар түсіп, жоғары сапалы тауарлар нарықтан ығыстырылады. Кейбір
оқулықтарда сапа белгісіздігі мәселесі «лимондар» мәселесі деп аталады. Симметриялық емес
ақпаратты нарық жағдайында тауарды лимонмен салыстырады: ол туралы бейхабар адар оны
тәтті екен деп алса, ащы болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: