Әл-ауқаттылық экономикасы экономикалық оптимум моделін жасаумен және
экономикалық жүйенің тиімділігі мен ресурстарды тиімді бөлудің әділеттілігі арасындағы
арақатынастың мәселелерін шешумен айналысады.
Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдауда «Эджуорт қорабы» моделі қолданылады. Ол
тұтынудағы айырбас тиімділігін және өндірістегі ресурстарды бөлудің тиімділігін анықтау үшін
қолданылады.
Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдайтын тиімді бөлініс қоғамдық талғамсыздық
қисығы мен қол жетімді пайдалылық қисығының жанасу нүктесінде орын алады.
Қоғамның әл-ауқаттылығының тиімділігін максималдау кезінде нарықтық механизм
ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз ете алады, бірақ тиімді бөлінудің әділеттілігін есепке
алмайды. Сондықтан да, әлеуметтік әділеттілік мәселесі қоғамның қабылдайтын шешімдеріне
және әділеттілік туралы сипаттамаларға тәуелді болып табылады.
Қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін бірнеше сипаттамалар қолданылады: а)
әділеттіліктің эгалитарлық сипаттамасы қоғамның барлық мүшелеріне игіліктердің бірдей
теңестіріліп бөлінуіне негізделеді, бұл жағдайда әрбір азаматқа игіліктер теңбе-тең бөлінеді; ә)
әділеттіліктің роулсиандық сипаттамасы қоғамның ең аз қамтылған мүшелерінің әл-
ауқаттылығын жоғарылату кезіндегі игіліктердің бөлінуін әділетті деп санайды. Бұл бағыт
қоғамның кедей топтарының әл-ауқаттылығын көтеруді қарастырады; б) әділеттіліктің
утилитарлық сипаттамасы қоғамның әл-ауқаттылығына тән байланыстарды көрсете отырып,
қоғамның барлық мүшелерінің жиынтық әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін кез-
келген бөлуді әділетті деп санайды; в) әділеттіліктің нарықтың сипаттамасы әділеттілікті нарық
орнатады және кез-келген тепе-теңдік бөлу әділетті болып табылады дегенге негізделеді.
Экономикадағы жалпы оптималдылық жағдайды көрсету үшін нарықтағы барлық
тұтынушылар мен өндірушілердің алмастырудың шекті нормасы мен өндіріс факторларын
технологиялық алмастырудың шекті нормалары теңестірілу қажет. Бұл барлық қоғамның әл-
ауқаттылығын нақты оптималды деңгейге жеткізетін «бірінші
ең жақсы бөлу
»
деп аталады.
Жетілмеген бәсеке жағдайында да игіліктердің тиімді бөліну шарты мен қоғамның әл-
ауқаттылығын жақсарту мәселесі орын алу қажет. Оны квазиоптимум, яғни «екінші ең жақсы
бөлу» принципі жүзеге асырады. Квазиоптимум принципі бір нарықтағы бәсекелі тепе-
теңдіктен бас тарту арқылы басқа нарықтағы өндіру мен бөлу тиімділігін қалпына келтіруге
көмектеседі.
Қорытынды
1. Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделінің көмегімен нарықтық жүйедегі барлық
нарықтардың өзара байланыстылығы мен әрекеттілігі зерттеледі. Нарықтар вертикалды түрде
байланысуы мүмкін, яғни, бір саланың өнімі басқа сала үшін өндіріс ресурсы болып табылса,
сондай-ақ, нарықтар горизонталды түрде байланысуы мүмкін, егер бір саланың өнімі басқа
саланың өнімін тұтыну кезінде ауыстырса немесе толықтырса. Мұндай әрекет етудің түрін кері
байланыс әсері деп атайды.
2. Кері байланыс әсері – жеке бір нарықтағы жеке тепе-теңдік шарттардың (сұраныс пен
ұсыныстың) өзгеруі басқа бір нарықтағы тепе-теңдікті бұзуы, ал ол нарық өз кезегінде жаңа
тепе-теңдікке ұмтыла отырып бірінші нарықтың тепе-теңдік жағдайының нәтижесіне әсер етеді.
Осыған байланысты, бір нарықтағы жағдайдың өзгеруі екінші бір нарықтағы баға мен өндіріс
көлеміне әсер етуі және ол жағдайдың керісінше орын алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: