4. Макроэкономиканың көрсеткіштері. .
Ұлттық экономиканың көрсеткіштерін статистикалық тұрғыдан есепке алмай
макроэкономикалық үрдістерді тиімді жүргізу және реттеу мүмкін емес. Макроэкономика пәні
мен әдісінің ерекшелігі микроталдауда қолданылмайтын түсініктер мен категорияларды
қолдануды талап етеді.
Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолданылатын негізгі стандарт – ол
ұлттық есеп-шоттар жүйесі (ҰЕЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және
соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп-шот нысанындағы кестелер кешені.