Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет156/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

Джон  Хикс,  Элвин  Хансен, 
Пол Самуэльсон, Рой Харрод, Евсей Домар
 сияқты ғалымдар әріқарай дамыта түсті. 
Бірақта,  уақыт  өте  келе  пайда  болған  жаңа  теоретикалық  бағыттар  кейнстік 
Макроэкономиканың маңызын төмендете бастады. Кейнстік бағытқа қарсы аса салмақты түрде 
сын айтушы оппонент – монетаризм теориясы қалыптасты. Ал оның негізін салушы американ 
экономисі 
Милтон Фридмен
 (1912-2006) болды. 
«Макроэкономика»  терминін  алғаш  рет  1933  жылы  норвегиялық  экономист,  Нобель 
сыйлығының иегері 
Рагнар Фриш
  (яғни,  осы  ұғымның  алғашқы  авторы)  қолданды.  Сонымен 
қатар,  бұл  ғалым  алғаш  экономикалық  талдауды  микро  және  макро  талдауларға  бөліп 
қарастырады.  Ал  макроэко-номикалық  талдау  ғылыми  айналымға  Кейнстің  басты  еңбегі 
дүниеге  келгеннен  кейін  нақты  енгізіліп  қолданыла  бастады.  Бірақта,  жоғарыда  атап 
өткеніміздей,  макроэкономикалық  талдау  сұрақтары  бірқатар  ғасырлар  бұрыннан-ақ  маңызды 
түрде  қарастырыла  бастаған.  Француз  экономисі-физиократ  Франсуа  Кенэ  өзінің 
«Экономикалық  кесте»  (1758  ж.)  деген  еңбегінде  алғаш  рет  экономика-лық  ғылым  саласында 
қоғамдық  өнімнің  натуралдық  және  құндық  элементтері  арасындағы  баланстық 
пропорцияларды  анықтау  тұрғысынан  қоғамдық  ұдайы  өндірісті  талдауға  талпыныс  жасаған. 
Макроэкономикалық  талдаудың  маңызды  жақтары  ағылшын  экономисі  Давид  Юмның  төлем 
балансын  зерттеу  еңбек-терінде  де  кездеседі.  Қоғамдық  ұдайы  өндірісті  макроэкономикалық 
тұрғыдан  талдауды  Карл  Маркс  те  өзінің  үлгісінде  қолданды,  ол  «Капитал»  еңбегінің  2-ші 
томында (1885 ж.)  жиынтық  қоғамдық  өнімнің натуралдық-заттық  және құн-дық  құрылымдар 
арасындағы сәйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді.  
Ал  қазіргі  уақытта,  макроэкономика  ғылымының  дамуына  елеулі  үлесті  посткейнстік 
мектептің  өкілдері  (Дж.В.  Робинсон,  Н.  Калдор,  П.  Страфф),  шведтік,  чикаголық  мектептің 
ғалымдары,  жаңа  классикалық  макроэкономика-лық  бағыттың  өкілдері  (Р.  Лукас,  Р.  Барро,  Т. 
Сарджент,  П.  Ромер)  және  де  «жа-ңа  кейнсшілдер»  мектебі  (Дж.  Акерлоф,  О.  Бланчард,  Н.Г. 
Менкью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай көптеген алуан түрлі мектептердің бар 
болуына байланысты, олардың макроэкономикалық ой-пікірлері мен көзқарас-тарының бірдей 
еместігіне  қарамастан,  бүгінгі  күнге  дейін  әлемдік  макроэко-номикалық  ғылымға 
ангосаксондық  бағыт үстемдік жүргізіп келеді деген ой айтылады, соңғы онжылдықтарда осы 
ғылымның төңірегінде Алманияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жапонияның, 
Қытайдың, Ресейдің және басқа да бірқатар елдердің ұстанымдары, көзқарастары мен беделдері 
кеңейіп, маңызды түрде дамып келеді. 
Сонымен,  макроэкономика  Макроэкономика  ғылымының  негізгі  бө-лімі  ретінде 
адамдардың  шексіз  қажеттіліктері  және  шектеулі  экономикалық  ресурстар  сияқты  іргелі 
мәселелерді  ұлттық  экономика  деңгейінде  зерттейтін  ғылым  саласы.  Макроэкономика 
экономиканы  біртұтас жүйе ретінде қарастырады. 
Макроэкономика
  –  бұл  тұрақты  экономикалық  өсу  жағдайын,  ресурс-тардың  толық 
қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін және төлем балан-сының тепе-теңдігін қамтамасыз 
ету  тұрғысынан  экономиканың  қызмет  етуін  біртұтас  жүйе  ретінде  зерттейтін  экономикалық 
ғылымның аса маңызды бір саласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет