Макроэкономика ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол
микроэкономика. ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік теорияның өмірге
келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Осыған
байланысты қазіргі уақытта, Макроэкономика микроэкономика және макроэкономика болып
бөлінеді.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен
тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын
Макроэкономиканың негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана
қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген фирмалардың, үй шаруашылықтарының және
салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші
жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге
баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыз-дық пен
инфляция сияқты іргелі мәселелерді зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық
ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама
түрде зерттейтін Макроэкономиканың маңызды бір саласы.
Алғашқы
макроэкономикалық
зерттеулер
меркантилизм
және
физиократтар
мектептерінен басталады. Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы ретінде
атақты ағылшын экономисі