Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады. Оның 1936 жылы
шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген еңбегі
негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Дж. Кейнс өзінің осы
еңбегінде нарықтық экономикада үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік
қуаттардың тұрақты жағдайы орын алуы мүмкін және осы кезде мемлекеттің дұрыс
ұйымдастырылған және жоспарланған бюджет-салық және ақша-несие саясат-тары арқылы сол
жұмыссыздықты қысқарта және экономикалық дағдарыс-тардың ұзақтылығын төмендете
отырып ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі мәселелерді дәлелдеуге
тырысты. Сәйкесінше, Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі ұлттық экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігін де дәлелдеді. Кейнстік Макроэкономика макроэкономика және
экономикалық саясат салаларында аса басымды бағыт болып саналады. Осыған сәйкес, біз
мынаны ғана айта аламыз, яғни, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы
импульсі болып Дж.М. Кейнстің экономикалық идеялары табылады.
Соғыстан кейінгі жылдары және 60-шы жылдарға дейін макроэкономика-лық саясаттағы
кез-келген талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің қалыптастырып кеткен идеяларын,
оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың негізін салушылар –