Тұтыну шығындары (С)
– бұл үй шарушылықтарының тұтыну тауарлары мен
қызметтеріне деген сұраныстарын сипаттайтын АD-ның негізгі және ең үлкен компоненті
болып табылады. Әдетте, тұтыну шығындары АD-ның құрамында 70-75%-ға дейінгі үлеске ие
деп айтылады. Тұтыну шығындары қолда бар табыс көлеміне байланысты анықталатыны бізге
белгілі. Ұзақ мерзімде тұтынудың динамикасы табыстардың басқа да түрлерімен, мүлікпен
және баға деңгейімен байланысты болып келеді. АD-ны талдау негізінен, нақты тұтыну
факторларына (бағалар индексіне бөлінген тұтынудың номиналды құнына) жүгінеді. Тұтыну
шығындары әдетте, АD-ның басқа құрауыштарына қарағанда тұрақты, әрі баяу өзгеретін
компонент болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |