Дәрістің мақсаты: макроэкономикалық тепе-теңдікке жетудегі классикалық және кейнстік
бағыттарды талдау, кейнстік төңкерістің мәнін ашып оның теориясына кеңінен тоқталу, «Кейнс
кресі» үлгісін қарастыру, Кейнс кресі мен AD-AS үлгілерінің өзара байланысын түсіндіру,
мультипликатор теориясын толық сипаттау. Осы мақсаттарға жету үшін төмендегі сұрақтарды
алға тартамыз.
Түйін сөздер: Сэй заңдары; классикалық дихотомия; Кейнстің психологиялық заңы; «тиімді
сұраныс»; тұтыну функциясы; тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС); тұтынуға деген шекті
бейімділік (МРС); тұтыну функциясының қозғалыстары; жоспарланған шығындар; автономды
шығындар; жинақтау функциясы; жинақтауға деген орташа бейімділік (АРS); жинақтауға деген
шекті бейімділік (МРS); автономды көрсеткіштер; мультипликатор әсері; автономды шығындар
мультипликаторы; индуцирлі көрсеткіштер; таза экспорт функциясы; толық мультипликатор;
импорттауға деген шекті бейімділік; Кейнс кресі; рецессиялық үзілістер; инфляциялық
үзілістер; инвестиция функциясы; инвестициялауға деген шекті бейімділік; үнемділік оғаштығы
(парадокс); т.б.