бойымен кері бағытта төмен жылжып В нүктесінен А нүктесіне қайта келу арқылы орын алуы
мүмкін. Алайда экономиканың өздігінен жаңа жағдайға бейімделу үрдісі өте ұзаққа созылады,
сол себепті экономиканың ұзақ құлдыраушылығы мен жұмысбастылықтың қысқаруы
әлеуметтік қақтығыстарды шиеленістіріп жіберуі мүмкін.
Сондықтанда, Орталық банк ақша ұсынысын арттыру арқылы дағдарыстың алдын ала
алады (жиынтық сұраныс қисығының AD
1
- ден AD
2
-ге оңға жылжуы), бірақ сілкіністің
салдарынан өскен бағаның жоғары деңгейі сақталып, тепе-теңдік нүктесі В нүктесінен С
нүктесіне өтеді. Нәтижесінде өндірістің нақты көлемі мен жұмысбастылық ұлғайып, бұрынғы
потенциалды деңгейіне сәйкес келеді. Тура осындай нәтижеге үкіметтің мемлекеттік
шығындарды арттыруы немесе салықтарды төмендетуі арқылы да қол жеткізуге болады.
P
LRAS
C
SRAS
2
P
2
B
A
SRAS
1
P
1
AD
2
AD
1
Y
1
Y
*
Y
Сурет 3.10 Жағымсыз сілкіністің экономикаға әсері
Сонымен, мемлекеттің экономикалық тұрақтандыру саясаты мынадай белгілі дилеммаға
тап болады: ұзақ мерзімдік құлдырау мен жұмыссыздықты болдыру немесе өндіріс көлемі мен
жұмысбастылық деңгейін қалпынша ұстап тұрып бағалардың өсуіне жол беру.
Достарыңызбен бөлісу: