Кейнстік теорияға
сәйкес, тұтыну мен жинақтаудың қарқынын анықтайтын негізгі
фактор ретінде пайыздық қойылым емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыстары
қарастырылады. Бұл жерде барлық тұтынушылық шығындарды жүзеге асырып болғаннан кейін
қалған табыстың бөлігі жинақталады. Пайыздық қойылым екінші орынға ығысады, оның рөлі
тұтыну мен жинаққа қолда бар табыстың әсер етуімен салыстырғанда аса маңызды емес.
Дегенмен, сол уақытта инвестицияның қарқыны ең алдымен, пайыздың деңгейімен
анықталады, соған байланысты тұтыну, жинақтау және инвестиция функцияларында көрініс
табады.
Кейнстің қарапайым тұтыну функциясы:
C = C (Y - T)
,
мұнда, С – тұтыну шығындары, Y – табыс, Т – салықтар.
Жоғарыда атап өткендей, Кейнстік теорияның классикалық мектеп өкілдерінен
айырмашылығы, оның ойынша адамдар өз табыстарын тұтыну мен жинаққа бөлгенде пайыздық
қойылымға емес, психологиялық факторларды басшылыққа алады. Кейнс өзінің тұтыну
теориясына сәйкес, адамдардың мінез-құлқын сипаттайтын негізгі психологиялық заңды ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |