Үй шаруашылықтарының жинақтау себептері:
1) қымбат тұратын заттарды сатып алуы;
2) кәрілікті қамтамасыз ету;
3) күтпеген жағдайлардан (ауру-сырқаттан, кездейсоқ жағдайлардан және басқа да оқыс
оқиғалардан) өздерін сақтандыру;
4) балаларын болашақта қамтамасыз ету.
Фирмалардың инвестициялау себептері:
1) таза пайда мөлшерін максималдау;
2) нақты пайыздық қойылым, яғни инвестициялау үшін салынатын ақшалай капиталдың
төлемі инвестиция жоспарларын құру кезінде есепке алынады.
Классикалық теорияға
сәйкес, инвестициялар мен жинақтардың қарқынын
анықтайтын негізгі фактор болып
пайыздық қойылым
табылады: егер бұл көрсеткіш өссе,
онда үй шаруашылықтары салыстырмалы түрде көбірек жинақтай бастайды және тұтынуға
жұмсайтын табысының әрбір қосымша бірлігін төмендете береді. Үй шаруашылықтарының
жинақтауды арттыруы уақыт өте келе несие бағасының төмендетеді, ал бұл өз кезегінде
инвестициялардың өсуіне жол береді, яғни фирмалар төменгі пайызбен инвестицияларды
көбірек жүзеге асыра бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |