1. Автономды (тәуелсіз) инвестициялар
– ұлттық табыстың өсіміне байланысты емес
тұрақты инвестициялар. Автономды инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы,
халық санының өсуі, сыртқы нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының өзгеруі сияқты
себептерге байланысты пайда болады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, мемлекет
бюджет табылады. Осы жерде автономды инвестицияның қарапайым функциясын да келтіріп
кеткен жөн:
I = e – dR,
мұнда, I – ұлттық табыстан тыс жүзеге асырылатын автономды инвестициялардың
шығындары;
е – сыртқы экономикалық факторлармен (мысалы, пайдалы қазбалардың қорлары, т.б.)
анықталатын автономды инвестициялар;
R – нақты пайыздық қойылым;
d – инвестицияның пайыздық қойылымның қарқынына сезімталдылығын анықтайтын
эмпирикалық коэффициент.
Достарыңызбен бөлісу: |