m = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS
Осы тәуелділік арқылы да мультипликаторлық әсерді сипаттауға болады. Айталық,
өндіріске қосымша 1000 доллар инвестиция салудың нәтижесінде табыс (жалақы, рента, пайыз,
рента, пайда) өсті. Табыс иелері өз қаржыларын негізгі психологиялық заңға сүйеніп жұмсайды,
мәселен, табыс өсімінің 80%-ы немесе 800 доллар (1000•0,8) тұтынуға жұмсалды делік, яғни
МРС 0,8-ге және MPS 0,2-ге тең. Нәтижесінде тауар өндіретін салаларда табыс өседі. Енді осы
салалардағы табыс иелері, өз кезегінде, МРС шамасына қарай тұтынуға 80%-н немесе 640
долларын (800•0,8) жұмсайды. Бұл сома тауар сатушылардың табысына айналады, олар да тағы
табысының 80%-н басқа бір нарықта жұмсайды және т.с.с. Нәтижесінде бұл процесс басқа да
жаңа нарықтар мен экономикалық агенттерге тарай береді. Сонда бұл кезде өндіріске тартылған
бастапқы инвестициядан туындаған ұлттық табыстың өсімі қанша болды? Ол үшін әр нарықтан
алынған сомаларды қосу керек: 1000+800+640+...+долл. Сонда ұлттық табыстың бірнеше реттік
өсімі 5000 долларға тең, яғни:
m = 1 / 1 – MPC = 1 / 1 – 0,8 = 5. Табыс өсімі мынаған тең: ΔY = ΔI • m = 1000 • 5 = 5000
доллар. Демек, өндіріске салынған инвестиция ұлттық табыстың 5 есе артуына септігін тигізді,
бұл жағдайда мультипликатор коэффициенті 5-ке тең.
Тұтынуға деген шекті бейімділік неғұрлым жоғары және сәйкесінше, жинақтауға шекті
бейімділік неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым m коэффициентінің мәні жоғары болады.
Мультипликатор әсерін график арқылы да сипаттауға болады.
S,I
S
E
1
I
a
I
a
E
0 Y
0
Y
1
Y
Сурет 4.6 Мультипликатор әсері
Графикке сәйкес, ұлттық табыстың бастапқы тепе-теңдік деңгейі Y
0
-ге тең. Егер
инвестициялық дүмпудің нәтижесінде I
a
сызығы жоғары (0I
a
кесіндісіне тең аралыққа дейін)
көтерілсе, онда S пен I
a
қисықтарының қиылысуын E
1
нүктесінен көре аламыз, ал тепе-теңдік
табыс көлемі Y
1
-ге тең болады. Y
0
Y
1
кесіндісінің аралығы
0I
a
кесіндісінің аралығынан артық.
Бұл инвестицияның өсуімен салыстырғанда табыстың артығырақ ұлғайғанын білдіреді.
Мәселен, экономикаға салынған 10 млрд. долларды құрайтын автономды инвестициялар ұлттық
табысты 10 млрд.-қа емес, 50 млрд. долларға арттырды делік. Бұл жерде m=5, яғни ΔY = Δ I
a
•
m: 50=10•5. Мультипликатор 5-ке тең, себебі алдыңғы мысалда келтіргендей, MPS 0,2-ге тең,
яғни m = 1 / MPS = 1 / 0,2 = 5. MPS-тің шамасы неғұрлым жоғарылаған сайын, S сызығы тіктеу
және мультипликатордың мәні соғұрлым кіші болады.
Алайда, жоспарланған инвестициялар мен жинақтардың арасындағы тепе-теңдіктің
жоғалуы экономиканы мынадай екі теріс әсерге әкеліп соқтырады:
1)
рецессиялық (дефляциялық) үзіліс
және 2)
инфляциялық үзіліс
.
Е
Y=E
Рецессиялық үзіліс
B
E=C+I+G+X
n
A
) 45°
Y
0
< Y
*
Y
Сурет 4.7 Рецессиялық үзіліс
Достарыңызбен бөлісу: |