1. Макроэкономикалық тепе-теңдікті зерттеудің классикалық теориясы Сэй заңымен
түсіндіріледі. Сэй заңына сәйкес, экономика тек өндірушілерден тұрады, олардың өндірілген
тауарлары мен қызметтері бір уақытта табыстар мен шығындарды қамтамасыз етуі қажет,
ешқандай артық өндіру немесе кем өндіру орын алмайды, олай болса, жиынтық ұсыныс
жиынтық сұранысты анықтайды.
2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік теориясы негізгі психологиялық
факторларға сүйенеді, соған сәйкес тұтыну шекті бейімділік, жинақтауға шеті бейімділік,
тұтынуға орташа бейімділік және жинақтауға орташа бейімділік деген ұғымдар қолданылады.
Кейнстің идеясы классикалық теорияға мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Экономикада
керісінше, жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысты тудырады. Экономикалық дағдарыс болғанда
да макроэкономикалық тепе-теңдік орын ала береді. Демек, ол дағдарыс жағдайында жиынтық
сұранысты мемлекеттік реттеудің қажеттілігін алға тартады. Кейнстің ойынша, жинақтау мен
инвестициялаудың себептері әртүрлі болып табылады, олай болса, макроэкономикалық тепе-
теңдік өздігінен қалыптаспайды, оған мемлекет араласу қажет.
3. Тұтынудың қарапайым кейнстік функциясынан басқа тұтынудың кейнстік емес
функциялары да бар: Фишердің уақытаралық таңдау теориясы. Модильянидің «Өмірлік цикл»
теориясы. Фридменнің перманенттік табыс теориясы және тұтынудың неоклассикалық
теориясы.
4. Кейнстік психологиялық заңы былай сипатталады, яғни табыс өскен сайын тұтыну да
өседі, бірақ тұтынудың өсуі табысқа қарағанда аз өседі. Олай болса, өскен табыстың қалған
бөлігі жинақтауға кетеді. Қысқа мерзімде табыс өскенде тұтыну көлемі салыстырмалы түрде
азаяды және жинақтау көлемі артады. Ұзақ мерзімде табыс өскенде тұтыну көлемі тұрақтылық
жағдайына бейімделеді.
5. Инвестициялар макроэкономикада пайда табу мақсатында жеке және мемлекеттік
сектор капиталдарының ұлттық экономикаға немесе шетел экономикасының әртүрлі
салаларына ұзақ уақытқа салынуымен түсіндіріледі. Инвестициялардың өндірістік
инвестициялар, тауарлы-материалдық қорларға инвестициялар және тұрғын үй құрылысына
салынатын инвестициялар деген түрлері бар.
6. Кейнстік теорияда макроэкономикалық тепе-теңдіктің графикалық көрінісі «Кейнс
кресі» үлгісімен түсіндіріледі. Бұл үлгі бағалардың икемсіздігі мен экономиканың жұмыспен
толық қамтылмағандығы жағдайында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтардың,
жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың және сәйкесінше, жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді
қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдікті сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: