Дискрециялық бюджет-салық саясаты
– бұл үкіметтің арнайы шешімдері бойынша
салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын және мемлекеттік шығындар көлемін мақсатты
бағытта өзгерту шараларынан тұратын іс-қимылдар. Саясаттың бұл түрін жүргізу барысында
үкімет арнайы заңдар қабылдап, инфляция қарқынын, жұмысбастылық деңгейін, өнім көлемі
мен төлем балансы жағдайын мақсатты түрде өзгертіп отырады. Дискрециялық саясат
экономикалық құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты
түрде мемлекеттік шығындарды арттырып, немесе салық салу деңгейін қысқартып, бюджет
тапшылығын тудырады және, керісінше, экономикалық өрлеу кезеңдерінде бюджет
артықшылығын қалыптастырады. Соған байланысты, дискрециялық бюджет-салық саясатының
өзі екіге бөлінеді:
Салықтар мөлшерінің өзгеруі де табыстың тепе-теңдік деңгейіне мультипликативтік әсер
береді, бірақ оның әсері аса жұмсақтау, яғни салық мультипликаторы өзінің шамасы бойынша
мемлекеттік шығындар мультипликаторынан кіші болып келеді және ол мына формуламен
есептеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |