7. Мемлекеттік бюджет. Фискалдық саясат. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл макроэкономикалық саясаттың негізгі бір
құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық проблемаларды
реттеу үшін мемлекеттің шығындар мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы
экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары. Бюджет-салық
саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның
жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық
проблемаларды шешуге бағытталған.
Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше
мақсаттары бар:
1.
Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп отыру.
2.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
3.
Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың жоғары
деңгейіне қол жеткізу.
Қалыптастып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнктура) байланысты бюджет-
салық саясатын жүргізудің екі түрі бар:
1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты.