m
t
= ∆Y / ∆T = −MPC / 1 – MPC,
және, бұл салықтардың бір бірлікке өзгеруі кезінде табыстың бірнеше есеге өзгеруін,
немесе салықтардың өзгеруі есебінен туындаған ұлттық өндіріс көлемі өзгеруінің салықтардың
өзгеруіне қатынасын көрсетеді.
Ал жиынтық табыстың өзгеруін мына формуладан көре аламыз:
∆Y = −∆Т×МРС / 1 – MPC.
Егер үкімет мемлекеттік шығындарды арттыру кезінде бюджеттің баланстылығын
сақтауға ұмтылса және ол үшін салықтық түсімдер мөлшерін ұлғайтса, яғни мемлекеттік
шығындар мен салықтық түсімдер шамасы бір бағытта өзгерсе, онда баланстанған бюджет
мультипликаторының әсері орын алады. Бұл мультипликатордың іске қосылуының мәні
мынада: мемлекеттік шығындар мен салықтардың белгілі бір уақытта бірдей шамаға (∆G = ∆T)
өсуі кезінде, өндірістің тепе-теңдік көлемі де дәл сол шамаға артады, ∆Y = ∆G = ∆T.
Айталық, үкімет қосымша мемлекеттік шығындарды жабу үшін салық саясатын
қатаңдатып салық мөлшерлемелерін көтерді. Сөйтіп, осы шараларды іске асырудың
нәтижесінде мемлекеттік шығындар да, салықтық түсімдер де 100 мың теңгеге өсті делік.
Тұтынуға шекті бейімділік 0,8-ге тең. Енді бұл жерде үкіметтің жүргізген шараларының
салдарынан туындаған өндірістің тепе-теңдік көлемінің өзгеру шамасын анықтау қажет. Ол
үшін мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторларының мәндерін анықтаймыз:
m
g
= ∆Y / ∆ G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS = 1/ 0,2 = 5,
m
t
= ∆Y / ∆T = −MPC / 1 – MPC= – 0,8 / 0,2 = –4.
Бұл жағдайда мемлекеттік шығындар есебінен болған Y-дің өсімі мынаны құрады:
∆Y
g
= ∆G×m
g
= 100 × 5 = 500.
Достарыңызбен бөлісу: |