Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет240/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

Мемлекеттік  қарыз
  –  бұл  мемлекеттің  алдында  тұрған  физикалық  және  заңды 
тұлғаларға,  шетел  мемлекеттеріне,  халықаралық  ұйымдар  мен  субъектілерге  деген  қарыздық 
міндеттемелері.  


Мемлекеттік қарызды бағалау келесідей көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады:  
1.  Мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің ЖІӨ көлеміне қатынасы.  
Қарыз / ЖІӨ. 
2.  Қарызға нақты қызмет көрсету коэффициенті
 – қарызды жабуға бағытталған қаржы 
көлемінің  (қарызды  және  сол  бойынша  пайыздарды  біртіндеп  жабу)  бюджет  шығындарына 
қатынасы.  Егер  бұл  көрсеткіштің  мәні  20%-дан  асса,  онда  қарыздың  ауыртпашылығы  өте 
жоғары және тым ауыр деп саналады.  
3.  Сыртқы қарызға қызмет көрсету коэффициенті
  –  сыртқы  қарызды  жабу  бойынша 
шығындардың экспорт көлеміне қатынасы.  
Мемлекеттік қарызды төмендетудің келесідей механизмдері бар:  
•  қарызды қайта құрылымдау;  
•  қарызды конверсиялау.  
 Қарызды қайта құрылымдау деп біз «ескі» қарыздық міндеттемелерді қарызды жабудың 
аса жақсы, әрі  «жеңіл» шарттарымен (аса төмен пайыздық мөлшерлемелер, төлем мерзімдерін 
ұзарту және т.б.) Көрсетілген бұл шара кедей және жағдайлары аса төмен елдерге тән құбылыс 
болып табылады.    
Мемлекеттік  қарызды  конверсиялау  дегеніміз  –  бұл  қарыз  міндеттемелерін  тауарлық 
жеткізілімдерге  немесе  кәсіпорын  акцияларына  (своп)  айырбастау.  Алайда,  біздің  елдің 
шетелдіктерге  қарыздық  міндеттемелер  үшін  бергісі  келетін  акциялары  әрқашанда  әлемдік 
нарықтарда сұранысқа ие бола бермейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет