Ақшаға сұраныстың классикалық сандық теориясы.
Классиктер ақшаға сұранысты ақшаның сандық теориясымен түсіндіреді және ол
айырбас теңдігі арқылы көрсетіледі:
MV = PY,
мұнда, М – айналыстағы ақшаның саны; V – ақша айналысының жылдамдығы; Р –
бағалар деңгейі (бағалар индексі); Y – шығарылым көлемі.
Ақша айналымының жылдамдығы тұрақты деп есептелінеді. Бұл жағдайда атаулы ЖІӨ
ақша массасына тура байланыста өзгеріп отырады. Классикалық теорияға сәйкес, нақты ЖІӨ
баяу өзгереді. Сондықтанда, атаулы ЖІӨ-нің өзгерісі баға деңгейінің өзгерісін көрсетеді.
Сөйтіп, ақша массасының өзгерісі нақты көрсеткіштерге әсер етпейді, тек атаулы
көрсеткіштерге ғана әсер етеді. Бұл құбылысты
«ақшаның бейтараптылығы»
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |