Ақшаға алыпсатарлық сұраныс пайыздық қойылымға тәуелді және оның сұраныс
қисығы теріс көлбеулі болып табылады (сурет 6.1 ә).
Кейнс теориясы бойынша ақшаға жиынтық сұраныс екі өзгермелі функцияны көрсетеді:
а) табыс;
ә) пайыздық қойылым. M
d
= M (Y, r)
r r
M
d
т
(Y)
M
d
a
(r)
0
М 0 М
а)
ә)
Сурет 6.1 Ақшаға деген трансакциондық және алыпсатарлық сұраныс
Сонымен, екі теорияны қорыта келе, ақшаға деген сұранысқа әсер ететін мынадай
факторларды атап көрсетуге болады:
1) табыс деңгейі;
2) пайыздық қойылым;
3) ақша айналымының жылдамдығы.
Классикалық теория ақшаға сұранысты нақты табыспен байланыстырса, кейнстік теория
ақшаға сұраныстың негізгі факторы ретінде пайыздық қойылымды алға тартады.
Ақша ұсынысы (M
s
) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол
ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады
немесе ақша ұсынысын M
1
ақша агрегаты деп қарастыруға болады: