Ақша мультипликаторы
(m) – бұл ақша ұсынысының ақша базасына қатынасын
сипаттайтын сандық коэффициент:
m = M
s
/ МВ = M
s
= m × MB.
Ақша мультипликаторы ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай
өзгеретіндігін көрсетеді.
Ақша мультипликторын депозиттеу коэффициенті (cr) және резервтеу нормасы (rr)
арқылы да анықтауға болады:
m = M
s
/ МВ = C + D / C + R,
егер, екі өрнектің алымын да бөлімін де D-ға бөлсек, онда:
m = cr + 1 / cr + rr,
мұнда,
cr = C / D; rr = R / D.
cr – депозиттеу коэффициенті, оның шамасы халықтың қолма-ақша мен депозитті қандай
пропорцияда бөлетініне байланысты болады.
rr – Орталық банкте резерв түрінде сақталатын банктік салымдардың үлес салмағы.
Оның шамасы Орталық банк тағайындаған міндетті резервтер нормасына және коммерциялық
банктердің артық резервтеріне байланысты болады. Осыған орай, ақша ұсынысының
формуласын төмендегідей жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |