Ақша-несие саясаты – бұл ақша айналымы мен несие жүйесі саласын-дағы мемлекеттік
іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді
орындауға бағытталған макроэкономикалық саясат-тың аса маңызды құрамдас бөлігі. Ақша-
несие саясаты нақты мақсаттарды көздейді және арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылады.
Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы және аралық мақсаттар болып бөлінеді.
Соңғы мақсаттар: 1) экономикалық өсу;
2) толық жұмысбастылық;
3) бағалардың тұрақтылығы;
4) тұрақты төлем балансы.
Соңғы мақсаттар ақша-несие саясатының фискалдық, валюталық, сыртқы сауда
саясаттарымен бірге жүзеге асыратын мемлекеттің маңызды бағыттарына жатады.