Аралық мақсаттар:
1) ақша массасы;
2) пайыздық қойылым;
3) айырбас бағамы.
Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп бөлінетін нақты
құралдар арқылы қол жеткізіледі.
Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:
1) несиелеу лимиттері;
2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.
Ақша-несие саясатының жанама құралдары:
1) міндетті резервтер нормасын өзгерту;
2) есептік мөлшерлемені өзгерту;
3) ашық нарықтағы операциялар.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту
– бұл ақша-несие жүйесін реттеуде
қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын банктік резервтердің шамасына әсер ету әдісі.
Міндетті резервтер нормасын Орталық банк депозиттердің шамасына қарай пайыздық
түрде бекітеді. Оның шамасы біріншіден,
салымдардың түрлеріне
және екіншіден,
банктердің
көлеміне
(шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шамасы жоғары) байланысты
болады.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда жүргізіледі: жоғарылату
формасында және төмендету формасында.
Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нәтижесінде міндетті резервтердің
шамасы артады, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі қысқарады және соңында ақша
ұсынысы төмендейді.
Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нәтижесінде керісінше, несие беру
құралдары кеңейеді, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі артады және соңында
ақша ұсынысы ұлғаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |