Ынталандырушы ақша-несие саясатының ұлттық табысқа әсері. Егер мемлекет
ұлттық табысты ұлғайтуды мақсат етсе, онда ол ақша ұсынысын көбейтуі мүмкін. Ақша
ұсынысының артуы LM қисығын төмен (оңға) LM
1
-ге жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В
нүктесінен ауысады. Нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі R
1
-ден R
2
-ге төмендейді, ал ұлттық
табыс Y
1
-ден Y
2
-ге көбейеді. Сөйтіп ақша ұсынысының артуы пайыз мөлшерлемесін
төмендетіп инвестицияны ынталандырады. Бұл жағдай тауарлар мен қызметтерге сұранысты
кеңейтеді. Мұны «кейнстің беріліс механизмі» деп атайды (8.11-сурет).