LM қисығы (өтімділік-ақшалар) ақша нарығының тепе-теңдігін сипаттайды, яғни ол
ақшаға деген сұраныс (алдымен қолма-қол ақшалардың абсолюттік өтімділігінің белгілерімен
шартталған) пен ақша ұсынысының теңдігі болып табылады. LM қисығының графигі ақша
ұсынысының (M
S
) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін
пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың (ұлттық табыстың) арасындағы байланысты
көрсетеді.
LM қисығының бойындағы кез-келген нүктеде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы тең
болады.
8.7-суретте ақша нарығының нақты қоры бейнеленген. Ұлттық табыстың Y
1
-ден Y
2
-ге
дейін өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады. Мұндай жағдайда пайыз мөлшерлемесі R
1
-ден
R
2
-ге өседі. Ақшаға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды.
8.8-суретте LM қисығы көрсетілген. Ұлттық табыс неғұрлым өскен сайын пайыз
мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады.
IS (игіліктер рыногының тепе-теңдігі) және LM (ақша рыногының тепе-теңдігі)
қисықтарының қиылысуы осы екі рыноктарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын
қамтамасыз ететін пайыз мөлшерлемесінің R (пайыздың тепе-теңдік мөлшерлемесі) және
табыс деңгейінің Y (табыстың тепе-теңдік деңгейі) ортақ мәндерін анықтайды.
R
M
S
R
LM
R
2
R
2
R
1
R
1
M
D
(R
2
Y
2
)
M
D
(R
1
Y
1
)
M/Р M/Р Y
1
Y
2
Y
8.7-сурет. Ақша нарығы 8.8-сурет. LM қисығы
Ақша ұсынысының (M
S
) ұлғаюы немесе баға деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға
қарай жылжытады.
Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік жағдайы IS және LM қисықтарының
қиылысқан нүктесінде (R
0
Y
0
) орнайды.
Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық
сұраныс көлемі