ЖІӨ арттыру үшін фискалдық және монитарлық саясаттарды үйлестіру. Инвестициялық
және өтімділіктік қақпандар.
5.
AD-AS және IS-LM моделдерінің өзара байланысы.
6.
Инвестицияларды ығыстыру нәтижесі.
7.
Экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз
AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сыртқы (экзогендік) айнымалы
болып табылады және тауар нарығының тепе-теңдігіне тәуелсіз бола отырып ақша нарығында
өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеудің мақсаты осы ақша нарығы
мен тауар нарығын бір жүйеге келтіру. Соның нәтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі ішкі
(эндогендік) айнымалыға айналады және оның шамасы тек ақша нарығындағы үрдістерді ғана
емес, сондай-ақ тауар нарығындағы жағдайларды да сипаттайды.
Біріктірілген қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен ақша нарығында бір
мезгілде орнайтын тепе-теңдікті алғаш рет кейнстік мектептің өкілі Дж. Хикс 1937 жылы
«Мистер Кейнс және классиктер» деген еңбегінде ұсынды. Ал 1949 жылы Э. Хансеннің «Ақша
теориясы және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке тарады, соған байланысты
Хикс-Хансен үлгісі деген атқа ие болды.
IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты және ақша
секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының
экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде
тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R)
арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді. Сондықтанда IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің
нақтыланған түрі болып табылады.
Үлгінің ішкі айнымалылары – Y (табыс), С (тұтыну), І (инвестиция), n (таза экспорт), R
(пайыз мөлшерлемесі).
Үлгінің сыртқы айнымалылары – G (мемлекеттік шығындар), М
S
(ақша ұсынысы), t
(салық мөлшерлемесі).
Қысқа мерзімді кезеңде бағаның атаулы және нақты шамалары сәйкес келеді, жиынтық
табыс (Y) пен пайыз мөлшерлемесі (R) айнымалы болып табылады.
Ұзақ мерзімді кезеңде баға деңгейі өзгермелі, М
S
(ақша ұсынысы) өзгермелі шама, ал
үлгідегі басқа да айнымалылар нақты шама болып табылады.