Есептік мөлшерлемені өзгерту
(қайта қаржыландыру ставкасы) – бұл Орталық банктің
коммерциялық банктерге қарызға беретін өз резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін
өзгертуі. Орталық банк осы құралды пайдалану арқылы
дисконттық саясатты
іске асырады.
Жоғарыдағы сияқты, бұл құрал да жоғарылату немесе төмендету нысанында жүзеге
асырылады.
Есептік мөлшерлемені жоғарылату нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі өседі, орталық
банктен қарыз алу шектеледі, соның салдарынан коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну
бойынша белсенді операциялары қысқарады. Коммерциялық банктер қымбат несиені ала
отырып, несие бойынша өздерінің пайыздық мөлшерлемелерін көтереді, соңында жалпы несие
қымбаттайды.
Есептік мөлшерлемені төмендету керісінше, банктік несиелерді алуды жеңілдетеді,
пайыздық қойылым төмендейді, несиелік операциялар кеңейеді, ақша ұсынысы артады.
Есептік мөлшерлеме, ереже бойынша, банкаралық нарықтың тағайындай-тын пайыздық
мөлшерлемелерінен төмен болып келеді.
Қорытынды
1. Банк жүйесі қандай да бір елдің территориясында бір-бірімен өзара байланысқан түрде
әрекет жасайтын банктік мекемелердің жиынтығынан тұрады. Банктік жүйе екі деңгейлі болып
табылады, бірінші деңгейде әрқашанда Орталық банк (эмиссиялық) тұрады және екінші
деңгейге коммерциялық банктер (депозиттік) мен арнайы мамандандырылған қаржы-несие
мекемелері (инвестициялық, жинақтаушы, ипотекалық, сыртқы саудалық және т.б.) жайғасады.
2. Банк жүйесі экономикада уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру; бос ақша
қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну; несиелік ақшаларды жасау; несиелік реттеу;
ақша эмисиялау; бағалы қағаздарды шығару сияқты қызметтерді атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: