Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет256/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

6. Монетарлық саясат 
 
Банк жүйесі
 – бұл қандай да бір елдің территориясында бір-бірімен өзара байланысқан 
түрде әрекет жасайтын банктік мекемелердің жиынтығы.  


Банктік  жүйе  әдетте,  екі  деңгейлі  болып  табылады,  бірінші  деңгейде  әрқа-шанда 
Орталық банк (эмиссиялық) тұрады және екінші деңгейге коммерциялық банктер (депозиттік) 
мен  арнайы  мамандандырылған  қаржы-несие  мекемелері  (инвестициялық,  жинақтаушы, 
ипотекалық, сыртқы саудалық және т.б.) жайға-сады. 
Банк жүйесі мынадай негізгі қызметтерді атқарады: 
а) уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру
ә) бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну; 
б) несиелік ақшаларды жасау
в) несиелік реттеу; 
г) ақша эмисиялау;  
д) бағалы қағаздарды шығару. 
Банк жүйесінің маңызды буыны болып Орталық банк табылады. 
Орталық  банк
 
–  бұл  үкіметтің  қарыздық  және  несиелік  операцияларын 
ұйымдастырудың  делдалы,  ақша  нарығының  тепе-теңдігін  қамтамасыз  ететін  банк  жүйесінің 
басты буыны. 
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға енгізеді, елдің алтын валюта-лық резервтерін 
сақтайды,  банкаралық  есептесу  орталығы  ретінде  жұмыс  істейді.  Орталық  банк  Үкіметтің 
қаржылық агенті рөлін атқарады және коммер-циялық банктер үшін кредитор болып табылады. 
Сонымен  қатар,  Орталық  банк  халықаралық  ақша  нарықтарында  сатушы  және  сатып  алушы 
қызметін атқарады және жеке банктердің шетелдік қызметтерін реттеп отырады. 
Әлемнің  барлық  елдерінде  Орталық  банктер  ақша-несие  саясатын  қалып-тастырады 
және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің қызметтерін бақы-лайды және реттейді. 
Орталық банктің, коммерциялық банктердің операциялары және банктік емес сектордың 
шешімдері  нәтижесінде  экономикада  ақша  ұсынысы  өзгеріп  отырады.  Біз  білетініміздей, 
Орталық  банк  ақша  ұсынысын  ақша  базасы  мен  ақша  мультипликаторына  әсер  ету  жолымен 
бақылайды.  Ал  ақша  ұсынысының  нақты  көлемі  коммерциялық  банктердің  салымдарды 
қабылдау және несиелерді беру бойынша операцияларының нәтижесінде қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет