ΔY = рецессиялық үзілістің көлемі × автономды шығындар мультипликаторының көлемі Инфляциялық үзіліс – бұл тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұмысбастылықтың
инфляциялық емес деңгейіне дейін қысқарту үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық
шығындардың) кемуіне қажетті көлем.
4.9-суретке сәйкес, егер егер өндірістің нақты тепе-теңдік Y
0
көлемі потенциалды Y
*
көлемінен көп болса, онда жиынтық шығындар артық. Жиынтық сұраныстың артықшылығы
экономикаға инфляциялық дүмпуді алып келеді. Мұндай жағдайда экономикада барлық
ресурстар толығымен қамтылғандықтан, фирмалар өсіп жатқан жиынтық сұранысқа өндірісті
кеңейту арқылы жауап бере алмайды, тек бағалар деңгейін көтерумен ғана шектеледі.
Инфляциялық үзілістен құтылу үшін және «дүрліккен» сұранысты басу үшін тепе-
теңдікті А нүктесінен В нүктесіне (ресурстардың толық қамтылуы деңгейіне) қарай жылжытып
жиынтық сұранысты шектеу қажет. Бұл жерде жиынтық тепе-теңдік табыстың ΔY-ке қысқаруы
былай сипатталады: