Мысалы, жиынтық шығындардың бір құрауышы ретінде автономды тұтынудың ұлттық
табысқа әсері арқылы автономды шығындар мультипликаторын зерттеуге болады.
Автономды шығындар мультипликаторы дегеніміз – ұлттық табыс немесе тепе-
теңдікті ЖІӨ өзгерісінің жиынтық сұраныстағы автономды шығындардың кез-келген
құрауышының өзгерісіне қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент. Олай болса, бұл
қатынас былай жазылады:
m = ΔY / ΔА, мұнда, m – автономды шығындар мультипликаторы; ΔY – ұлттық табыстың өзгерісі; ΔА
– ұлттық табыстың қарқынына тәуелсіз автономды шығындардың өзгерісі.
Жоғарыдағы мысалымызды жалғастырсақ, егер автономды тұтыну белгілі бір ΔС
a
шамасына өссе, онда бұл жиынтық шығындар мен Y ұлттық табысты сол шамаға арттырады, ал
өз кезегінде, тұтынуды екінші мәрте арттырады (табыстың өсуінен), бірақ МРС • ΔС
a
шамасына
өседі. Әріқарай жиынтық шығындар мен табыс МРС • ΔС
a
шамасына артады және тағы да
солай «табыстар-шығындар» айналымының жүйесі бойынша өсе береді. Осыған орай
мультипликатор әсерін мына тізбек бойынша көрсетуге болады:
ΔС
a
↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y ↑ және т.с.с.
Мультипликатор көрсеткіші тұтынуға шекті бейімділікке тура тәуелділікте және
жинақтауға шекті бейімділікке кері тәуелділікте болады: