2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар
– ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты
жүзеге асырылатын тәуелді және ынталандырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар
жиынтық табысты арттырып, соның өсуімен байланысты тәуелді инвестицияларды
ынталандырады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, кәсіпкерлік пайда табылады, ал
соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен қатар ұлғаяды. Олай болса, туынды инвестициялар да
артады. Бұл жерде жиынтық табыстың өсуіне орай, өндірістік инвестициялармен бірге,
тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына да инвестициялар артады. Демек,
экономиканың жандануы жағдайында ескі капиталдардың қоры жаңартылады және тұрғын үйге
сұраныс ұлғаяды.
Инвестициялардың табысқа оң тәуелділігі мынадай функция бойынша өрнектеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |