Классикалық теория
екі негізгі алғышартқа сүйенеді. Біріншіден, жиынтық шығындар
деңгейі Y = C+I+G+X
n
толық жұмыспен қамту кезінде өндірілген өнімдерді сатып алуға
жетпейтіндей жағдай орын алмайды деп болжайды, яғни жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныстың бір-біріне тең болмау (AD ≠ AS) жағдайының орын алуы мүмкін емес. Екіншіден,
егер мұндай жағдай орын ала қалса, онда бағалар, жалақы көрсеткіштері және пайыздық
қойылым дереу өзгереді, жиынтық сұраныстың төмендеуімен қатар өндірістің құлдырауы
жылдам өтеді, әрі аса маңызды болмайды, яғни жағдай икемді көрсеткіштер арқылы тез арада
қалпына келе бастайды. Ал ақша нарығы инвестициялар мен жинақтардың теңдігіне және
ресурстардың толық қамтылуына әрқашанда кепілдеме беріп отырады. Тек табиғи деңгейімен
бара-бар «еркін» жұмыссыздық орын алуы мүмкін, бірақ ол да икемді жалақылар арқылы
жылдам реттеліп отырады. Бұл жиынтық сұраныс AD пен жиынтық ұсыныстың AS тепе-теңдік
нүктесінде өндірістің нақты көлемі Y
0
әрқашанда потенциалды деңгейіне Y
*
тең дегенді
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |